«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Халық жаппай жиналатын нысандардағы төтенше оқиғалардан жұртшылықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жүктелме сақтандыру көмектеседі

2018 жылғы 18 Қыркүйек
4350 просмотров

«Атамекенде» сақтандыру компаниялары мен өрт қауіпсіздігі саласы аудиторларының бірлескен жұмысы талқыланды

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов өткен жылы өрт қауіпсіздігі саласындағы аудиторлар барлығы 1 324 қорытынды мәлімет бергенін, оның 7-і ғана теріс қорытынды алғандығын атап өтті.

«Бұл көрсеткіш көңіл көншітерлік, дегенмен халықаралық тәжірибеге көшу қажет. Осы ретте, жүктелме сақтандыру талаптарына сай жауапкершілік тараптар мойына жүктеледі. Тиісінше, сақтандырудың тапсырыс берушісі кәсіпкер», - деді Рустам Жүрсінов. 

Рустам Жүрсінов сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласы аудиторлары кәсіпкерлердің тапсырысы бойынша емес, сақтандыру компаниялары арқылы жұмыс істеуі тиіс. Онда олар мүдделер қақтығысын шешетін болады, өйткені кәсіпкер тікелей өрт қауіпсіздігі қызметі аудитіне тапсырыс бере отырып, оң қорытынды алғысы келеді, демек теріс қорытындылардың үлесі азаятынын айтты.

Жүктелме сақтандыруды енгізумен үлкен нарық ашылады, бұл сақтандыру объектілеріне қосымша жүктеме салады. «AON KAZAKHSTAN» халықаралық сақтандыру компаниясының директоры Арман Боранбай айтқандай, нысанды бағалау кезінде сақтандыру агенті үш құрамдас бөлікке қарайды: қауіп-қатерге тән (тамаққа, ашық отпен, жанғыш материалдармен байланысты объектілердің жай-күйі), объектіде орнатылған қауіпсіздік құралдарының тізбесі және персоналдың үдерістер мен рәсімдерді сақтауы (персоналдың дайындығы, жабдықтарды тексеру жиілігі, өрт сөндіру жүйелері).

Бұл аспектілер стандарттарды жасау кезінде басты болуға тиіс. Бірақ жүктелме сақтандыру принципі бойынша жұмысты бастау үшін өрт қауіпсіздігі аудитінің, олардың базасы мен әдістемесі жұмысқа дайын екендігін білу қажет.

Бұл ретте жүктелме сақтандыруды енгізу үшін өрт қауіпсіздігі аудиторларын шоғырландыру қажет. Бүгінгі таңда өрт қауіпсіздігі аудиторлары қауымдастығы нарықтың 10% - ын ғана біріктіреді, мамандардың өздері сюрвейер ретінде қызмет көрсетуге қарсы емес. Бірақ  ол үшін нарықты шоғырландыру қажет.

«Барлық жерде де жауапты және іске салғырт қарайтын мамандар болады. ҚР ІІМ өрт сөндіру нысанына келіп, ескертулердің ескерілмегенін жиі байқап жатады», - деп атап өтті өрт қауіпсіздігі аудиторы Сергей Пимашкин.

Айта кету керек, сақтандыру құны объектінің қауіпсіздік деңгейіне тікелей байланысты болады, ал нарықты шоғырландыру өрт қауіпсіздігі аудитіне және өрт қауіпсіздігі аудиторларына қойылатын талаптарды арттырады.

«Атамекеннің» Басқарма мүшесі Рустам Жүрсінов лифт шаруашылығын мысалға келтірді. Әкімдіктің қолдауымен бірнеше ұйым ӨРҰ-ға бірігіп ерікті біліктілік талаптарынан тұратын жеке стандарттар енгізген.     

«Сондай-ақ, олар ұлттық стандарт жасап, Техникалық реттеу және метрология комитетіне қабылдау үшін тапсырды. Қазіргі таңда ӨРҰ-ға шамамен 40 компания кірді. Жыл соңына қарай нарықтың 70% шоғырланатын болады», - деп атап өтті Рустам Жүрсінов.

Өз тарапынан ҚР ІІМ өрт қауіпсіздігі аудитінің қорытындысы бойынша барлық уақыт бойы нысанды қосымша сүйемелдеуді ұсынды.

«Тексеру кезінде органдар оң қорытындылар береді, одан кейін қолданыстағы нормалар бойынша Субъект тексеруден босатылады және аудитор объектіні тексеруді тоқтатады. Осыған байланысты аудиторлардың аудиторлық қорытындының қолданылу мерзіміне объектіні қоса сүйемелдеп алып жүру міндетін енгізу орынды болар еді. Сондай-ақ біз Ұлттық палатаның өрт қауіпсіздігі аудиторларына арналған талаптар мен стандарттарды әзірлеу жөніндегі бастамасын қолдаймыз. Сонымен қатар, аудиторлардың жауапкершілігін сақтандыру тиімді болар еді», - деп ұсынды ҚР ІІМ ТЖК Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу қызметі басқармасының Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы Рүстем Ысқақов.

Жиынды қорытындылай келе, Рустам Жүрсінов өрт қауіпсіздігі аудиторларын нарықты шоғырландыру және ӨРҰ құру үшін бірігуге, халықаралық тәжірибені зерделеуге және ӨРҰ мүшелеріне қойылатын жоғары талаптарды, нысандардағы қауіпсіздікке және аудит жүргізу тәртібіне қойылатын жоғары талаптарды әзірлеуге шақырды. Мұндай жағдайда өрт қауіпсіздігі бойынша аудит институтын сақтандыру жүйесіне енгізу орынды. «Атамекен» алдағы уақытта шоғырландырушы қауымдастық арқылы аудиторлармен жұмыс істейтін болады.

Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ҚР ІІМ және «AON KAZAKHSTAN» халықаралық сақтандыру компаниясымен бірлесіп еуропалық тәжірибе мен аудиторларға қойылатын талаптарды зерделейді, нақты ұсыныстар әзірлейді және қорытындыларды мүдделі тұлғалардың назарына ұсынады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер