«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БҚО Өңірлік кеңесі жұмысын қорытындылады

2018 жылғы 13 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
7844 просмотров

Өңірлік кеңес отырысында паспорттау қорытындысы жасалып, жергілікті кәсіпорындардың жүктелуі мен өткізу нарықтары, екінші деңгейлі банктер ұсынатын несиелер мен жер учаскелердің қолайлылығы, электронды карта әзірлемесі, сонымен қатар кедергілерді алып тастау мен мемлекеттік органдармен қарым-қатынас мәселелері талқыланды.

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасына қарасты Өңірлік кеңес БҚО әкімінің бірінші орынбасары И.В.Стексовтың қатысуымен өтті.

 Кәсіпкерлер жоғарыда аталған барлық мәселелер талқылауына белсенді қатысты. Биылғы жылдың басында Кәсіпкерлер палатасы 2017 жылы әр субъектіні паспорттау арқылы Батыс Қазақстан облысында жұмыс істейтін өңдеу өнеркәсіптік кәсіпорындардың экономикалық қызметіне зерттеу жүргізді.

 «Паспорттау сауалнамасы кәсіпорындардың жүктелуі, өнімді өткізу мәселелері, шикізат қолжетімділігі (оның ішінде қосалқы материалдар), активтердің тозу дәрежесі, мемлекетті қолдау шараларының тиімділігі және басқа да мәселелерді қарастырады. Өңірімізде 64 компания қамтылды. Зерттеу машина жасау – 13, тамақ өнеркәсібі – 20, жеңіл өнеркәсібі – 5, жиһаз және ағаш өңдеу –5, химия өнеркәсібі – 6, құрылыс матрериалдар – 14, фармацевтика қызметі –1 сынды 7 саланы қамтиды», – деді ӨКП директорынң орынбасары Марат Нұрғуатов. 

 Паспорттау нәтижесінде кәсіпкерлер атаған негізгі проблемалар жеке және жүйелі болып екі топқа бөлінді: шикізат және қосалқы материалдардың қолжетімсіздігі мәселесі, техникалық және нарықтық реттеу саласындағы кедергілер, кадр жетіспеушілігі,  айналым қаражаттарының қымбатшылығы, электр энергиясына деген жоғары тарифтер.

Жүргізген талдау БҚО-да барлық ет тауарлардың 63%-ы шығарылатыны анықталды. Ауыл шаруашылығының ары қарайғы дамуы және азық-түлік өнімдерін өндіру экспортты жолға қоюға тікелей байланысты.                

 Мәселені сәтті шешу үшін кеңестің қатысушылары өңірдегі салалық қауымдастықтарды немесе өндірістік бірлестіктерді құру және дамыту бойынша жұмысты жалғастыру қажеттілігі туралы ұсынысты қолдады. Аталған нарықтық құрылымдар бизнестің кәсіпкерлік қызметті реттеу саласына тартылуын жоғарылатады.

 Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы қызметінің басты бағыты бизнес субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау болғандықтан, Өңірлік кеңесте кәсіпкерлердің құқықты қорғау бойынша жұмыс қорытындысы талқыланды. Осы бағытта Кеңестің төрағасы Хайдар Қапанов мол ақпарат берді.

«Кеңестің негізгі жұмысы – адал және заңға бағынатын кәсіпкерлердің құқығын қорғау, жеке мүддені және біреудің тар корпоративті мүддесін көксемеу, ШОБ-тың түйткілді мәселелерін табу, оларды сауатты шешіп, өңірде Бизнесті қорғау жол картасын қалыптастыруға негізделген. 2018 жылдың ішінде Кеңестің 11 отырысы өтті, онда 25 материал қаралды. Оның көбі оң шешімін тапты», – деді Кеңес төрағасы.

Қаралған жүйелі мәселелер ішінде салық органдармен қарым-қатынас, рұқсат процедуралары, Екінші деңгейлі банктердің несиелеік ресурстарға қолжетімділік, АӨК-ті субсидиялау, жер мәселелері, мемлекеттік сатып алуларға қатысу, субъектілер арасындағы дауға қатысты мәселелер басым.

 Жалпы 2018 жылдың ішінде кәсіпкерлік субъектілерінен 200 өтінім түскен, оның жартысына жуығы оң шешілді. Нәтижесінде кәсіпкерлердің 150 млн теңге көлемінде мүліктік құқығы қорғалды.

Территория дамуының Бас жоспарлары мен жоспарлаудың егжей-тегжейлі жобаларының болмауы – өңірде түйткілді мәселелер қатарында. Бұған қоса қолданыстағы Бас жоспар мен жоспарлаудың егжей-тегжейлі жобалары көнерген.

 Атқарылып жатқан жұмыстың жүйелігі мен бақылау, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдары, прокуратурамен жолға қойылған ынтымақтастық оң нәтижелер беріп отыр. Қазіргі таңда БҚО Жер қатынастар басқармасын сайтында «Кәсіпкерлерге арналған» арнайы бөлім бар. Онда кәсіп бастауға қажетті ақпарат қамтылған.

 Жалпы жергілікті атқарушы органдар бизнесті қорғау бойынша белгілі бір шараларды қолға алған. ӨКП мен мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының тиімділігін БҚО әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов айытп өтті. Осылайша Мемлекет басшысының қолайлы кәсіпкерлік орта, инвестициялық ахуал бойынша тағы бір тапсырмасы жүзеге асырылуда.

«Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңес мүшелері, аккредиттелген қауымдастықтар және аудандық өкілдерімен бірге Өңірлік кеңеске жаңа мүшелерді іріктеу жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде 9 кандидат таңдалды. «Белес-Агро» ЖШС компаниялар тобының жетекшісі Мұрат Жәкібаев, «Конденсат» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Фарид Бахтиозин, «Компания «Хаулет» ЖШС директоры Қуаныш Бірманов,  «Отау Алан» ЖШС директоры Ляна Тұрсынова, «Батыс Энергоресурсы» ЖШС Бас директоры Дина Галиметдинова, «Фирма «Родник» директоры Лилия Хайруллина, «Қоржын» шаруа қожалығының басшысы Құсайын Мұқанов, «Мукадес» шаруа қожалығының Ақылбек Сағитов, «Ақ жол» шағын және орта бизнес субъектілерінің қауымдастығы» ЗТБ директоры Борис Лаврентьев. Сонымен қатар Өңірлік кеңестің 5 мүшесі өз еркі бойынша кеңес құрамынан шығу туралы өтінім берді», – деді БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Ербол Иденов.                                                                

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер