«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыс Қазақстан облысында 69 917 530 теңгеге кәсіпкердің құқығы қорғалды

2019 жылғы 21 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
7740 просмотров

Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасына «ВКЅ LPG» ЖШС-нің өкілдері монополияға қарсы органмен дауды қарау кезінде сотта заң көмегін және құқықтық қолдау көрсетуді сұрап жүгінді

Палатаның құқықтық блогының сарапшылары ұсынылған материалдарды мұқият зерделеп, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің БҚО бойынша департаменті тарапынан бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың елеулі бұзылғандығын анықтады.

Істің мәні былай. Департаменттің айыптауы бойынша «BKKS LPG» компаниясы сұйылтылған мұнай газын (СМГ-қысқартылған) көтерме саудада сату кезінде әр түрлі бағаларды қолданған. 2017 жылғы қазанда газдың бағасы орта есеппен тоннасына 91 655 теңгені құрады, алайда кейбір тұтынушылар оны бір тоннасына 90 мың теңгеден, ал басқалары — 98 мыңнан 105 мың теңгеге дейін сатып алған. 2017 жылдың қараша айында сату бағасы тоннасына 103 561 теңгені құраған кезде сату тоннасына 98 000 және 105 000 теңгеден жүзеге асырылды. Осыған ұқсас жағдай желтоқсанда да байқалды.

 Айта кету керек, «BKKS LPG» ЖШС Батыс Қазақстан облысының шекарасында үстем жағдайға ие.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің ережелерін бұзғаны үшін компанияға монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстың үш пайызы мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін еді. Сондай-ақ, бұл бір жылдық монополиялық табысты тәркілеуге де алып келеді. Осылайша, кіріс 67 881 098 теңгені және тиісінше әкімшілік айыппұл сомасы 2 036 432 теңгені құрады.

Алайда, «BKKS LPG» ЖШС ұсынған құжаттар мен есептерден әр түрлі бағалар тұтынушыларға бір кезеңде емес, әр уақытта газ жеткізушінің сатып алу бағасын көтеруін ескере отырып белгіленгендігі анықталды.

Сондай-ақ ЖШС-не қолданылған ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2-тармағында басым компанияның тауарға қол жетімділікті шектеуге әкеп соққан кез келген әрекетсіздігі тұтынушылардың құқықтарын шектейді делінген.

Сонымен қатар, ЖШС-нің әрекеттері ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-бөлігі бойынша сараланған, оған сәйкес өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланғандығы және монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды орнатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген (тауар нарығында сатып алушы ретінде үстем ететін шаруашылық жүргізуші субъектінің үстеме пайда алу және (немесе) өнім беруші есебінен негізсіз шығындардың орнын толтыру мақсатында белгілейтін бағасы).

Алайда, «BKKS LPG» тарапынан мұндай әрекеттердің орын алғандығы анықталмаған.

 Нәтижесінде, сот БҚО Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері келтірген дәлелдермен келісіп, ӘҚБтК-тің 159-бабы, 3-тармағында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты компанияға қатысты жүргізіліп жатқан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату туралы қаулы шығарды.

«Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарды. Біз кәсіпкердің мүліктік құқықтарын 69 917 530 теңгеге қорғадық», - деп, қорытындылады БҚО бойынша бизнес-омбудсмен аппаратының сектор меңгерушісі Нұржан Мақсотов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер