«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбелік бизнесмендер «Аtameken Services» порталының жаңа қызметтерімен танысуда

2019 жылғы 25 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
6116 просмотров

Ақтөбелік бизнесмендер «Аtameken Services» порталына тіркеліп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпкерлердің ауқымды сауалнамасына қатысып жатыр

Қобыланды Рахметов – «Ақтөбе ТрансСнаб» ЖШС өкілі. Оның компаниясы инертті, құрылыс және үлкен пішіндегі материалдарды тасымалдаумен айналысады. Тасымалдаулар Камаз, тралдар арқылы жүзеге асады.

Бұл ақпаратты кәсіпкер анкета-сауалнаманы толтыру кезінде берді. Бұл компанияның өкілдері «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы мамандарын жақсы қарсы алды. Анықталғандай, «АқтөбеТрансСнаб» ЖШС Палата сарапшыларымен тығыз байланыс орнатып, сервистік көмекті бірнеше рет алған.

 «Атамекен» жайлы жақсы пікірдеміз. Былтыр ғана бизнес-жоспарға тапсырыс бергенбіз. Қысқа мерзімде бизнес-жоспар дайын болды. Қазір бізге қажетті техника да келіп қалды. Сондықтан ҰКП-ның жобаларын жақсы қабылдаймыз. Қазіргі сауалнамаға жауап беріп, орын алған мәселелерді жазамын, ұсыныстарды айтамын. Осындай тәсілмен, бизнес-орта жақсара түсетініне сенемін», – деді кәсіпкер.

 Сауалнамада адам қандай бизнеспен айналысып жүргені, өндіретіні, сататыны, сатып алатыны, жеткілікті нарықтар бар-жоғын, сондай-ақ қандай проблемалар туындағаны, қандай қолдау қажет екендігі туралы сұрақтар бар. Осылайша «Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жергілікті бизнестің мәселелерін нүктелі қарап, оларды нақты шешуді қолға алмақ.

 Ауқымды сауалнаманың тағы бір мақсаты бар – кәсіпкерлерді «Аtameken Services» порталымен таныстыру. Сайт және қосымша арқылы 60-тан астам тегін сервисті алуға болады. Батырманы бір басып, несие алу мақсатында бірнеше банкке өтінім жіберуге, «Бастау» және «Бастау-мектеп» курстарына жазылуға, салықтық және статистикалық есептеулерді әзірлеп, өткізуге, сонымен қатар құқықтық мәселелермен жүгінуге болады.

Кәсіпкер Қобыланды Рахметов services.atameken.kz-ке тіркеліп, жеке кабинетін құрды.

«Портал қолданыста түсінікті әрі оңай. Пайдалы қызмет түрлері көп. Бастысы барлығы автоматтандырылған әрі кәсіпкер банк, ұйымдар мен мекемелерге барып уақыт жоғалтпайды. Ақтөбе кәсіпкерлерінің барлығын осы сервисті зерттеп, тіркелуге шақырамын», – деді кәсіпкер Аtameken Services мүмкіндіктерін бағалап.

 «Атамекен» бизнеспен тілдесудің жаңа форматына өтті – барлығы оңай әрі уақтылы. Дәл осындай бағаны ақтөбелік бизнес ханым Марина Деркач берді.

 

 «Бұл өте ыңғайлы. Уақыт пен қаражат үнемделеді. Енді ары-бері табалдырық тоздырудың қажеті жоқ. Әлемнің кез келген нүктесінде болып, қызметке тапсырыс беруге болады. Ең пайдалы қызмет түрінің бірі – «Несие агрегаторы». Бір өтінім беріп елдегі барлық банктер мен қаржы ұйымдарының ұсыныстарын білуге болады. Уақыт, қаражат, күш-жігер үнемделеді. Осы сервиспен қолдану керек деп ойлаймын. Былтыр «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен байланысты болу пайдалы екенін түсіндім. Жыл соңында Палата, «Adal proff» ЖШС  және «Опора России» шағын және орта кәсіпкерлік жалпыресейлік бірлестігі арасында сауда альянсын құру туралы меморындумға қол қойылды», – деді ЖШС жетекшісі Марина Деркач.  

Аtameken Services  порталына https://services.atameken.kz/ сілтемесі арқылы тіркелуге болады.   

 Сауалнамашылардың келуін күтпей-ақ, сұрақтарға онлайн жауап беруге болады. Сауалнама 5 минут уақыт алады. Сауалнамаға өту сілтемелері:

 https://goo.gl/forms/YLBLTJogkKBGraFw1 (орысша)

https://goo.gl/forms/KjcixJJlcblb7S362 (қазақша)

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер