«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сауда компанияларына шетелдік серіктес табуда қолдау көрсетіледі

2019 жылғы 23 Сәуір
6774 просмотров

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен «Консалтинг және сауда компаниялардың қауымдастығы» өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының төрағасы Аян Еренов және Консалтинг және сауда компаниялар қауымдастығының президенті Бауыржан Қасымбергебаев қазақстандық сауда компаниялардың, сондай-ақ шетелдік контрагенттермен тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің  сауда, экономикалық өзара тиімді қатынастарын кеңейту туралы келісті.

 Келісімнің қатысушылары әлеуетті іскер серіктестер арасында тікелей байланыстарды табу және орнату, іскерлік орта өкілдерінің сауда миссияларын ұйымдастыру, сондай-ақ олардың жәрмеңкелер, көрмелер, симпозиумдар, семинарлар және басқа да іс-шараларға қатысуларына көмектесетін болады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер