«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оралда 15 жекеменшік мектеп салынады

2019 жылғы 17 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
5675 просмотров

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов жергілікті бизнесмендермен кезекті кездесуді «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында өткізді. Кәсіпкерлерге үйреншікті ғимаратта өзекті мәселелер көтерілді

Облыс басшысымен жеке сұхбаттасуға білім беру саласының өкілдері келді.

 Батыс Қазақстан облысында мектепке дейінгі білім берудің жемекеншік нарығының бәсекеге қабілеттілігі артып келеді. Қазіргі таңда өңірде 61 жекеменшік балабақша жұмыс істеп жатыр. Алайда  бұл саланы субсидиялау кенжелеп тұр.

 «Жекеменшік балабақшаларды субсидиялау мәселесі бақылауда. Қазіргі таңда бұл мақсатқа облыс орталығының мектепке дейінгі ұйымдарына 1 млрд теңге бөлінген. Балабақша бизнесін аудандарда жүргізу қиынырақ. Бірақ біз ауыл балабақшаларын қолдауға арналған қаражатты табуға тырысамыз. Ары қарай бұл мәселені жоспарға үнемі қосатын боламыз», – деді облыс әкімі.

«Орал қаласында, Бәйтерек ауданының Трекино және Достық ауылдарында 3 балабақша аштық, бұл елдімекендерде мемлекеттік балабақшалар да жоқ. Қазіргі таңда ауылдық 2 мектепке дейінгі ұйым жабылу алдында тұр, ай сайын шамамен 4 млн теңге субсидия берілмейді. Облыс әкімімен бұл мәселені талқыладық. Оның тарапынан қолдау бар, мәселе жуық арада шешіледі деген ойдамыз», – деді Бәйтерек ауданының кәсіпкері Айнұр Сұлтанова.

 Осы салада мектептерде ыстық тамақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша байқауларды ашық өткізуді барынша қамтамасыз ету тапсырылды. Жалпы алғанда осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлер белсенділіктерін көрсетті. Жақын жылдары «Білім берудің жекеменшік ұйымдарының қауымдастығы» және «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қауымдастығы»  15 мектепті салу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ. Осы жобалардың кейбір тұстары кездесу барысында талқыланды.

 «Жоба маңызды әрі қажет бастама. Бастысы – тамақтану мәселелерін шешіп, нысандарын сапасын қамтамасыз ету», – деді Алтай Көлгінов және өзінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиевқа жобаны үйлестіруді тапсырды.

 Кездесу барысында көтерілген екінші тақырып – Орал қаласында «Қазақстан бизнес ханымы» республикалық байқаудың финалын өткізу. Байқау ұйымдастырушалыры әкімге ұйымдастырушылық және іс-шараны жария ету мәселлері бойынша келді.

 «Мәселе шешілді, облыс әкімі бізге қолдау көрсетті. Әлеуметтік жобаларға, оның ішінде әйелдер бизнесіне  дұрыс көңіл бөлінгені қуанытып отыр. Біз әйелдер бизнесін дамытумен айналысамыз, өңірде жұмыс істеп, салық төлейтін, жұмыс орындарын ашатын жұлдыздар туралы айтамыз. Олар жастарға үлгі. Байқаудың финалы Орал қаласында 6 маусым күні өтеді. Осыған орай әйелдерге арнап оқыту мен шеберлік сабағы өтеді», – «Business Lady Qazaqstan» республикалық байқаудың жетекшісі Сәуле Қайсар.

 Қолдау талап ететін мәдени жоспарлардың бірі «Остаться ангелом» көркем фильмі жобасын құру, мұндай демеушілік көмек қажет. Кездесу барысында сондай-ақ, декоративті қиыршық тасты өндіру, ауыл шаруашылығында жем-жөп базасын қалыптастыру мәселелері көтерілді.

 «Бүгін кәсіпкерлер көтерген барлық мәселелер шешілетін болады», – деп қорытындылады облыс әкімі, оның айтуынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау құралдарын біліп, мәселе болса  олардың барлық алаңдарда ашық айту қажет», – деді әкім.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер