«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыс Қазақстанда «Бастау» түлегі «Үздік әлеуметтік жоба» үшін жыл сыйлығын алды

2020 жылғы 14 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
9445 просмотров

Ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған түзету-оңалту орталығын ашуға Гүлнұр Төлеген үш жыл бойы ұмтылған. 2019 жылы «Бастау» жобасымен оқып шықты, 6%-бен жеңілдікпен несие алып, кәсібін қолға алды

Орал қаласындаға түзету-оңалту орталығының ашылғанына жарты жыл толды. Өз мақсатын жүзеге асыруда Гүлнұр Төлеген көп өиындықтарға тап болды. Оның жобасына сенгендер аз болды. Өз ойынан бас тартып, басқа іспен айналасуға кеңес бергендер де кездесті.

 «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын ашуды бала күннен армандағам. Анам түзету мектебінде жұмыс істеді тәрбиеленуші балалармен дос болдым, ойнадым, проблемаларын көрдім. Анам Оралда осындай орталық болса балалар басқа қалаларға барып, әуреленбес еді деп айтатын. Жолдасым екеуміз қайырымдылықпен айналысамыз, бір күні Оңалту орталығын неге ашпасқа деген ойға келдік», – деді Гүлнұр Төлеген.

 Түзету-оңалту орталығында бірнеше ай ішінде кәсіби мамандар жиналды. Мықты мамандарды бүкіл қала бойынша іздеді. Олардың көбі Санкт-Петербург, Мәскеу, Самарада білім алған. Гүлнұрдың өзі де республикадағы түзету орталықтарында болған, тәжірибе жинақтаған.

 «Орталығымызда невролог, педиатр, дефектолог, логопед, нейропсихолог, балалар психологы және психиатр, массажист, емдік дене тәрбиесінің инструкторы жұмыс істейді. Сонымен қатар білім беру сыныбы бар, онда мамандар балаларды оқытады. «Қолөнер» шығармашылық студия бар, онда балалар моторика мен сенсориканы дамытады. Олар сурет салады, мүсіндейді, аппликация мен түрлі өрнектерді жасайды. Әр бала өзінше дарынды, осы қабіелтті дамыту қажет. Бұдан бөлек, Оралда жоқ жабдық сатып алдық. Қазақстанда аталған жабдық Алматыда ғана бар. Бұл миды биоакустикалық дамыту. Бұл аппарат орталық жүйке жүйесі, сөйлеу қабілеті зақымданған, аутизм, сал ауруға шалдыққан балаларға ми қызметін жақсартуға көмектеседі. Осындай қызмет түрін алу үшін ата-аналар балаларын Самара, Санкт-Петербург, Челябинск, Қазанға апаруға мәжбүр. Шетелге бару шығынды. Біздің жоба әлеуметтік болғандықтан бағалар төмен. Орталығымызда сонымен қатар қараңғы сенсорлық бөлме, басқаша айтқанда психологиялық босансу бөлмесі бар. Жарық жабдығын Санкт-Петербургтан алдық. Балалар оны ұстап, ойнап, тіпті тістей алады. Қабырғаға ілінген панно бар.  Бір қарағанда айна секілді, тағы көз салсаң шексіздікті көресің. Осының бәрі балаларды дамытуға арналған. Барлығы қауіпсіз. Сонымен қатар басқа өңірлер мен шетелден мамандарды шақырамыз. Балаларға арналған консультацияларды ұйымдастырамыз», – деді Гүлнұр Төлеген.

Орталық түрлі жастағы балаларға қызмет көрсетеді.  Әзірге бизнес ханым ғимаратты жалға алып отыр, жанында балабақшасы бар үлкен оңалту орталығын салу жоспарда. БҚО-да осындай орталықтарға сұраныс бар. Бүгінде облыста ерекше күтімді қажет ететін балалар саны 3 мың. Кәсіпкердің осы бағыттағы ұмтылысы мен жобасын облыста жоғары бағалады.

Гүлнұр Төлеген «Үздік әлеуметтік жоба» аталымында Жыл сыйлығын алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер