«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

36 жоғары оқу орны мемлекеттік білім беру тапсырысын орындаудан шеттетілді

17 Қыркүйек 2020
5366 просмотров

Қандай жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант бойынша оқуға болмайды?

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев өзінің фейсбук парақшасында айтты.

«Биыл ҚР Білім және ғылым министрлігі үлкен қадам жасады – 36 жоғары оқу орнына мемлекеттік грант бөлінбеді. Білім ордалары түлектердің жұмысқа тұруының төмен деңгейі және «Атамекен» ҰКП рейтингіндегі (біздің әдістеме негізіне жұмыспен қамтылу және білім беру бағдарламаларының өзектілігі алынған) төмен позициясы бойынша іріктелді.

Бұл оқу орындарының жұмысына қатысты көп сұрақтар бар, мысалға бірнеше қызықты фактіні келтіре кетейін:

 -Қазақсатан инновациялар және телекоммуникациялық жүйелер университетінде күндізгі бөлімде 1528 адам оқып жатыр.

Осы ретте 1-курста – 3, 2-курста – 6, 3-курста – 5, 4-курста – 1513 студент!

 Бұл қалай болған?

-Осы ЖОО елдегі заңгер түлектердің 13%-ына диплом береді. Салыстыру үшін, ҚАЗГЗУ-да 2018 жылы заңгерлік мамандығы бойынша 185 түлек диплом алды.

 -Орталық Азия университетінде экономист-түлектердің 30%-ына жетер-жетпесі жұмыс табады! Білім беру бағдарламаларының өзектілігі 10%-дан төмен!

 -Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетте «Информатика» мамандығы бойынша түлектердің небәрі 29%-ы жұмыс табады. Тағы 4 мамандық бойынша еңбекпен қамтылу 50%-ға жетпейді!» – деп атап өтті Олжас Ордабаев.

 Мұндай мысалдардың көптігін айтып,  Ұлттық палата өкілі ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімі негізді екенін атап өтті.

Мемлекеттік грант бөлінбеген Жоғары оқу орындарының тізімі:

1. «Астана» университеті

2. Қазақстан теңіз универистеті (Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті)

3. Академик А.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті

4. Мардан Сапарбаев институты

5. «Silk way» халықаралық университеті

6.   «Сырдария» университеті

7. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті 

8. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты

9. Еуразиялық технологиялық университеті 

10. Каспий қоғамдық университеті

11.  «Қайнар» академиясы

12. Инновациялық Еуразия университеті

13. Еуразия гуманитарлық институты

14. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы

15. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы

16. Орталық Азия университеті

17. Орталық Қазақстан академиясы

18. Қазақ технологиялыр және бизнес университеті

19. «Bolashaq» академиясы

20. Қазақстан инновациялық академиясы

21. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

22. Академик Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты

23. Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы 

24. Болашақ Қызылорда университеті

25. Баишев университеті

26. Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

27. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті

28. Гуманитарлық-техникалық академия

29. Алматы экономика және статистика академиясы

30. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

31. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

32.   Алматы университеті

33. Қазақ медициалық үздіксіз білім беру университеті

34. Қазақ-орыс халықаралық университеті

35. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

36. Академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті


Серіктестер