«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БҚО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы: «Қызметке адалдық жемісті болсын»

2020 жылғы 11 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
7156 просмотров

 БҚО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляна Тұрсыноваға «Ісіне адалдығы үшін» медалі табысталды. «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының мүшесі, ҚР   Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия төрайымы Ләззат Рамазанова марапатты табыстап, өңірдегі Іскерлік әйелдер кеңесінің жан-жақты жұмысын атап өтті. Кеңес пандемия кезеңінде көп жұмыс атқарды. Бұл марапат өңірлер арасында  Батыс Қазақстан облысы және Ақтөбе облысы Іскер әйелдер кеңестеріне берілді

«Ісіне адалдығы үшін» медалімен көп жыл еңбек еткен,  белгілі бір жетістіктерге және нәтижелерге қол жеткізген адамдар марапатталады. Ляна Алексеевна Тұрсынова бизнесте және өңірдің қоғамдық өмірінде 30 жыл бойы еңбек еткен. Жылдың басында Ляна Тұрсынова БҚО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы болып тағайындалды. Бір жыл ішінде білікті маман Батыс Қазақстан облысының кәсіпкер әйелдерінің біріктіріп, жұмысын жүйелеп, бағыттай алды. Паденмия кезеңінде жұмысты үлкен ауқымы атқарылды. Бизнестің тұрып қалуына қарамастан өңірдің бизнес ханымдары мұқтаж отбасылардың мәселелеріне белсенді көмек берді, маска тігуді ұйымдастыру, әлеуметтік нысандарды химиялық өңдеуден өткізуге көмектесті. Кесте бойынша онлайн консультациялар өткізді. Осындай елеулі жұмыс назардан тыс қалмады! Бүл БҚО барлық іскер әйелдерінің ортақ жеңісі!

 Бүгінде Ляна Тұрсынова – «БҚО Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қауымдастығы» ЖК және ЗТБ төрайымы, «Атамекен» ҚР ҰКП БҚО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

 Кәсіби қызметі көптеген аталымдарымен марапатталған, атап айтқанда: «Қызмет көрсету саласында үздік кәсіпорын», «Үздік кәсіпкер-әйел», «Қоғамдық тамақтану саласындағы үздік кәсіпкер», «Мейрамхана бизнесіндегі сәттілік формуласы», «БҚО азық-түлік тауарлары».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер