«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БҚО-да «АруАна» бизнесте танылу» сыйлығы Светлана Маутееваға табысталды

2021 жылғы 15 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
7695 просмотров

БҚО-да «АруАна» бизнесте тану» республикалық сыйлығы «Нұр» шаруа қожалығының жетекшісі Светлана Маутееваға табысталды

 Еске салсақ, бұл сыйлықты 2020 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін ынталандыру мақсатында тағайындады. Жыл сайын 17 марапат облыстық деңгейде және Гран-при республикалық деңгейде беріледі.

«Нұр» шаруа қожалығы Бөрілі ауданында орналасқан. Кәсіптегі 12 жыл ішінде кәсіпкер әйел жолға қойылған инфрақұрылым бар ірі кешенді аяққа тұрғызды. Шаруашылықта жеке автономды электр станциясы бар, газ, су тартылған. Ірі қара мал тұқымын жақсартумен айналысып, іскер әйелдер қосымша өсімдік шаруашылығымен айналысты, сүт фермасы, құс фабрикасы, диірмен салды, шұжық цехын ашты. Көкөніс, сүт және ет өнімдерін қайта өңдеуді жолға қойылды. Мұнда жылыжайлар, жатақхана және жұмысшыларға арналған асхана бар. Персоналмен әркез оңай бола бермейді. Ауылда жұмысшылар жеткіліксіз», – дейді Светлана Маутеева.

Осындай ауқымға қарамастан кәсіпкер үлкен жоспарлар құрып отыр. Бұдан бөлек, Светлана Маутеева белсенді қоғам қайраткері ретінде танымал. БҚО Кәсіпкерлер палатасы жанында Іскер әйелдер кеңесінде ол агроөнеркәсіп кешені комитетін басқарады. Іскер әйелдер кеңесі мүшелерімен кездесуде тәжірибелі кәсіпкер бизнесті құру, қиындықтар туралы әңгімелеп, жас әріптестерін ауыл шаруашылығында жұмыс істеуге шақырды. Менің тарапымнан қолдау мен тәжірибе алмасу көрсетіледі, деп қорытындылады кәсіпкер.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер