«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызметкерге уақыт бөлу маңызды

2021 жылғы 05 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
7932 просмотров

Әр ұйым – жанды организм

Оның қызметі үнемі қозғалыста өтеді. Кез келген ұйымның негізгі қозғаушы күші оның қызметкерлері. Жұмыстың қарқыны, қол жеткізілмек мақсаттар және одан шыққан нәтиже қызметкерлердің біліктілігі мен өнімді жұмыс істеуіне тікелей байланысты. Демек күнделікті міндеттерден бөлек басқа шараларға да көңіл бөлу керек.

 «Әр күн біз негізгі қызметпен айналысамыз. Бизнес – біздің клиенттеріміз. Түрлі жағдайлар болады. Сондықтаны Палата қызметкерлері және филиалдар директорлары ұрақты негізде құқықтық оқыту және түрлі семинарлар өткізеді. Мәселен, сертифкаттар беру, АӨК мәселелері бойынша қорытындыларды беру – филиалдар директорларының күнделікті атқарып отырған жұмысы қызметті алушылармен байланыста өтеді. Сонымен қатар ҰКП жүйесінде Әдеп кодексі бар, демек ақпаратқа ие болсаң – біліктісің. Сондықтан біз ай сайын әр түрлі уәкілетті, құқық қорғау органдарымен және ұйымдардың мамандарымен қызметкерлерімізге арнайы кешенді тренингтер өткізіп, түсіндірме кездесулер өткіземіз. Әзірге, сабақтар онлайн өтеді», – деді семинар басталар алдында Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотов.

  Сыбайлас жемқорлықпен күресудің алдын-алу шараларын қабылдау туралы мәселелер меншік түріне қарамастан әр ұйымның міндеті саналады. Осы мақсатта БҚО кәсіпкерлер палатасы қызметкерлеріне арналған бүгінгі заңгерлік тренингте БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет сөз сөйледі. Презентация  барысында кейбір ұйымдардың қызметіндегі сыртқы және ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жұмыс нәтижелері жарияланды. Сондай-ақ, қолданыстағы заңнаманың талаптары, жеке және заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлықпен күресудегі құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндірілді.

Мұндай форматтағы кездесулер ай сайын өткізілмек. Ұжым пікірін ескере отырып, түрлі уәкілетті органдардың өкілдері шақырылады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер