«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан ЕАЭО шеңберінде электрондық сауда жөніндегі бірыңғай операторды құруға дайын емес

2021 жылғы 22 Ақпан
9118 просмотров

2020 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия сайтында сыртқы электрондық сауда мәселелерін реттеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы жылы Комиссия бірыңғай оператор құру мәселесін қарастыруды ұсынды, ол арқылы қазақстандықтардың шетелдік интернет-сайттарынан  тапсырыс берген жеке тұтынуға арналған тауарлары өтетін болады. Пилоттық жобаны іске асыру 2021 жылдың 1 шілдесіне жоспарланған.

 «Атамекен» ҚР ҰКП осы бағытта пилоттық жобаны өткізуге Қазақстан дайын еместігін көтеріп келді, бизнес-қоғамдастықтың мәелелері де әлі де шешілмей келеді.

 Бірыңғай опареторды құру – Одаққа мүше мемлекеттері кеден органдарының жұмысын оңайлату, ЕЭК пікірінше, оператор инстиутын құру нарық дамуын тездетіп, трансшекаралық интернет-сауданы және кеден қоймаларын дамытады. Алайда бірыңғай операторы Одаққа біреу немесе бірнеше оператор болатыны әзірге белгісіз. Ұлттық оператордың міндеттері:

 -шетелдік интернет алаңдарынан тапсырыспен сатып алынған тауарларды алушылар саналатын жеке тұлғалар үшін электрондық кеден декларациясын (ЭЦҚ-мен) беруді қамтамасыз ету;

-осындай тауарларға қатысты кеден баж салықтары, салықтарды есептеу және төлеу;

- жеке тұлғаларға тауарларды сату туралы жария ұсынысы бар шет елдердің интернет-дүкендері өз сайттарында осындай тауарларды өндірушілерден алынған мәліметтер негізінде аталған тауарлардың ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы мәлімдеп отыруына қол жеткізу;

- кеден органдарына электрондық сауда тауарларына қатысты расталған мәліметтерді беру, бұл мәліметтерді шетелдік интернет-дүкендер электрондық сауда операторына табыстауға міндетті.

Әзірге Қазақстанда бірыңғай оператор болуға ерік білдірген компания жоқ. Заңды тұлға ұлттық оператор болуы үшін қаржылық, техникалық және материалдық мүмкіндіктер қажет, сондай-ақ дайындық кезеңі мен ҚР заңнамалық базасына өзгерістер жүргізілуі тиіс.

Қандай проблема бар?

 Бұл жұмыс ЕАЭО тарихында Одақ актілері, әсіресе ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер Комиссияның болжамы, негізгі тәсілдеме мен тұжырымдамасыз жүргізіліп жатқан алғашқы жайт. Пилоттық жобаларды  іске асырмай және пиолттық жобаның аяқталуына қарамай, алынған нәтижелерді талдамай тұрып, Одақ актілерін дайындау және қолданысқа беру құлшынысы алаңдатады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Кедендік әкімшіліктендіру департаментінің мамандары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарында, кәсіпкерлік қоғамдастықта жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаттары, пилоттық жобадан кейін бизнес жүргізу шарттары мен Одақтың Кеден кодексіне енгізілген түзетулер, халықаралық электрондық сауданы реттеудің негізгі тәсілдері туралы әлі күнге дейін нақты пайым мен түсінік жоқ.

 Айта кетелік, 2020 жылы ЕЭК ресейлік тараппен әзірленген трансшекаралық электрондық сауданы әкімшіліктендірудің тұжырымдамасын мақұлдау бойынша жұмысты жүргізді. Алайда құжат бизнес өкілдеріне белгісіз себептермен қабылданбады.

Сынақ жүргізу, тәуекелге бару

 Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпкерлер болжаммен әрекет етуде, өйткені ҚР мемлекеттік органдардың пилоттық жобаны жүргізуге қатысты позициясы белгісіз, сондай-ақ бұл тәжірибеге жауапты мемлекеттік орган белгіленбеген. Пилоттық жобаға қатысудың мерзімдері, міндеттері мен заңды тұлға анықталмаған.

 Бұдан бөлек, бизнес өкілдерінің сұрақтарына ЕЭК тарапынан да жауап жоқ. Заңды тұлғалар халықаралық электрондық сауда шеңберінде сатып алатын тауарлар қалай рәсімделмек? Кедендік органдар электронды сауда тауарларын жеке тұтыну тауарларынан қалай ажыратады?

 «Атамекен» нақты жауап алу үшін ЕЭК-ке бірнеше рет өтінім жіберген, алайда сұрақтар ЕАЭО Кеден кодексіне трансшекаралық электрондық сауданы реттеу мәселелеріне қатысты өзгерістер енгізу жөніндегі сарапшылар тобы отырыстарының хаттамаларында көрініс тапқан жоқ.

 Әзірге Ресейде ілгерілеу бар, бұл елде пилоттық жоба бірнеше жыл бойына жүргізіліп жатыр, Ресей пилоттық жобаны жүргізу және Одақтың электрондық сауда жөніндегі құқығына өзгерістер енгізуге дайын жалғыз ел.

 Анықтама үшін: Бүгінде Қазақстанда заңды тұлғалар шетелдік интернет-алаңдарында (Amazon, Etsy, eBay және т.б.) сатып алатын жеке тұтынуға арналған тауарларды декларациялауды:

 1) «Қазпошта» АҚ – бажсыз сауда шеңберінде (құны 200 еуродан төмен, брутто салмағы 31 келіден артық емес);

 2) экспресс-жетізушілер (DHL, DPD, Pony Express және т.б.):

-бажсыз сауда шеңберінде (құны 200 еуродан төмен, брутто салмағы 31 келіден артық емес);

 -бажсыз әкелім нормаларын асырған кезде – кедендік өкіл ретінде – жолаушы кеден декларациясын беру және жеке тұлғамен қызмет көрсетуге келісімшарттың болғаны жағдайында жиіндік кеден төлемі түрінде кеден баж салығы, салықтарды төлеу арқылы;

 3) жеке тұлға өздігінен – жолаушы кеден декларациясын беру және  жиынтық кеден төлемі түрінде кеден баж салығы, салықтарды төлеу арқылы (бажсыз әкелім нормаларын асырған кезде);

 4) жеке тұлғаның тапсырмасы бойынша кеден өкілі арқылы іске асырылып жатыр.

 Қазіргі кезде Комиссия және ЕАЭО мүше мемлекеттерінің өкілдіктеріне:

 -ЕАЭО Кеден кодексіне электрондық сауда тауарларына кедендік әкімшіліктендірудің жекелеген ережелерін жазу;

-ЕАЭО Кеден кодексіне «эдектронды сауда өкілеттті операторы» ұғымын енгізу;

 -электрондық сауда тауарларына «электрондық сауда декларациясы» кеден декларациясының жаңа түрін енгізу;

- электрондық сауданың жекелеген тауарларына қатысты Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуы туралы хабарлама тәртібін енгізу;

- Одақ актілерін 2021 жылдың 1 жартысында дайындауды қамтамасыз ету тапсырылды.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер