«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оралда «Ashyq» пилоттық жобасына 70-тен астам бизнес-нысан қосылды

2021 жылғы 29 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
5675 просмотров

Оралда «Ashyq» пилоттық жобасына 70-тен астам бизнес-нысан қосылды. Инновациялық қосымша ПТР-тестілеуі оң нәтиже көрсеткен  немесе жақында ауырып шыққан адамдарды анықтауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаға қосылғаннан кейінгі бірінші аптада бизнес иелері қосымшаны қолдану бойынша оқудан өтеді, яғни сынақ режимінде жұмыс істейді. Жоба кәсіпкерлік нысандары жұмысына оң ықпал етеді деп күтілуде.

Евгений Ким фитнес-залда үнемі жаттығу жасайды. Сонымен қатар, жаттығулар тиімді тыныс алу үшін әдетте маска киілмейді. Сондықтан спорт әуесқойлары үшін «Ashyq» жүйесі – тамаша шешім,  деп есептейді спорт клубының клиенті.

«Х-фитнес» фитнес залы «Ashyq» қосымшасына 15 сәуірде қосылды. Артықшылықтар бірден сезілді. Бастысы – келушілердің қауіпсіздігі мен жұмыс істеуге мүмкіндік алу, дейді қызметкерлер.

 «Жоба көмегімен біз сенбі және жексенбі күндері жұмыс істей аламыз. Бұл жақсы мүмкіндік, өйткені клиенттеріміздің басым бөлігі бізге демалыс күндері келеді. Клуб қызметкерлерінің барлығы қосымшаны жүктеп алды, осылайша келушілерге, әсіресе жасы үлкен кісілерге осы процедураны орындауға көмектесеміз. Соңғы екі күнде жеке өзім 100-ден астам клиентке қосымшаны жүктеп, статусты көруге көмектестім», – дейді клуб әкімшісі Екатерина Застрожникова.

«Ashyq» жобасымен жұмыс істейтін нысандарды мониторинг топтары тексере алады. Топтар үшін бағдарламада әр күннің сканерлері сақталады. Егер мониторинг тобы жіберген сұратым бойынша кәсіпкер соңғы үш күнге санерлерді көрсете алмаса, онда нысан жобадан шеттетіледі. Қосымшаға қайтадан қосылу мүмкіндігі 2 аптадан кейін қайта беріледі. Күнделікті бизнес-қоғамдастық атынан жобаға қосылуға өтініштер мен сұрақтар келіп түседі, әр сұраныс бойынша БҚО Кәсіпкерлер палатасының мамандары толық түсініктемелер береді.

 «Орал қаласы бойынша қазіргі таңда жобаға қатысуға 70 бизнес нысан өтініш берді. Тағы 25 нысан жүйені 1 мамырдан енгізеді. Бұдан бөлек халыққа қызмет көрсету орталықтардың 3 бөлімі жоба шеңберінде жұмыс істеуге ынта танытып отыр», – деді БҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Құланбаев.

Күн санап «Ashyq» жобасына қатысушылар саны артып келеді. Осындай қиын күндері жүйе адамдар мен бизнес нысандарға қалыпты жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік беріп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер