«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ынтымақтастық жолында

2021 жылғы 26 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
5344 просмотров

ZOOM форматында Батыс Қазақстан облысы және  РФ Волгоград облысымен мемлекетаралық ынтымақтастық бағыттарын талқылау бойынша бейнеконференция өтті.

Күн тәртібінде Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік шекарасында «Вишневка-Жәнібек» және «Полынный-Орда» өткізу пунктерінің мәртебесін өзгерту бойынша шаралар қабылдау; киік санын реттеу; денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту; мәдениет саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың перспективалары; Волгоград және Батыс Қазақстан облыстарының іскерлік клубын құру және басқа да мәселелер қамтылды.

 БҚО және Волгоград облысы деңгейіндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының болашағы мен артықшылықтары туралы айта отырып, БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Масотов 2020 жылы БҚО аумағына Волгоград облысынан 780 тонна астық, 22 миллион текше метр өндірістік су әкелінгенін атап өтті. Волгоград облысында ауылшаруашылық жануарлары мен мал шаруашылығы өнімдерін сатып алуға қызығушылық жоғары болғандықтан, Волгоград облысының өкілдеріне «Мясо Дел», «Кублей» сияқты Орал кәсіпорындары шығаратын мал шаруашылығы өнімдерінің түрлері туралы ақпарат берілді.

 Екі облыстың кәсіпкерлік субъектілері арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайту үшін бейнеконференцияға қатысушылар көрші өңірге БҚО-ның отандық өндірушілері тізілімін жіберуге келісті.

Кездесу қорытындысы бойынша БҚО және Волгоград облыстары деңгейіндегі Қазақстан-Ресей іскерлік клубының қызметін талқылай келе, «Волгоград Сауда-өнеркәсіп палатасы» президенті Вадим Ткаченко және БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Масотов ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер