«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оңтүстік Кореямен іскерлік байланыс

2021 жылғы 27 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
7733 просмотров

БҚО бизнес ханымдарына пандемия кедергі емес, карантиндік шектеулерге қарамастан Орал қаласында «AFRODITE» дүкені ашылды

 32 жасар Светлана Павлова БҚО Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесіне мүше. Кәсіпкерлік қызметті бес жыл бұрын қолға алған, осы уақыт ішінде косметика, парфюмерия, гигиена заттары, киім сату бойынша сауда желісін ашты.

 Осы жолы бизнес ханым косметиканы тікелей Оңтүстік Кореядан жеткізуді іске асырды. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты жағдай тауарларды жеткізуде кедергі келтіргенімен, қол құсырып отыру  Павлованың табиғатына жат.

Қыз-келіншектерге бет күтімі, гигиеналық заттар, парфюмерияның сан алуан түрін ұсынған дүкендер желісі қаланың әр жерінен ашылып жатыр. Павлова өз өнмідері ассортиментін кеңейту мақсатында шағын нысаннан бас тартып ауданы есе көп бутикті ашты. «AFRODITE» дүкені өткен бейсенбіде ашылды, бірақ ресми ашылуы 26 мамырда өтті.

 Жаңа нысанның ашылуы – жаңа жұмыс орнының құрылуы. Дүкен ашылғанымен кәсіпкер әйел 16 адамды жұмыспен қамтыды, қазіргі кезде қызметкерлер штатында 21 адам бар.

 БҚО ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері әріптестерін жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, Павлованың батылдығын, қиындықтарға қарамастан бизнесті дамытуға ұмтылысын, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының түрлі іс-шараларына, соның ішінде қайырымдылық акцияларына белсенді қатысу сияқты қасиеттерін атап өтті.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер