«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жеңілдіктер марафоны: қатысушылар кәсіпкерлерді «QAMQOR» акциясын қолдауға шақырады

21 Маусым 2021 - Алматы қаласы
8256 просмотров

Алматы қаласы Бостандық ауданының кәсіпкерлері акцияны еліміздің барлық өңірлеріне таратып, халықты коронавирустық инфекциядан вакцинация алуға ынталандырғысы келеді.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтары вакцинация туралы төлқұжатын көрсеткен кезде акцияға қатысушы кәсіпкерлерден тауарлар мен қызметтерге белгілі бір жеңілдіктер ала алады.

Акцияға Бостандық ауданының 18 кәсіпкерлік субъектісі қатысуда (23 нысан, оның ішінде кинотеатр, кофеханалар, монша, демалыс аймағы және басқалары). Аудан кәсіпкерлері осылайша коронавирустық инфекция пандемиясымен күреске өз үлестерін қосуда. Сондай-ақ еліміздің барлық кәсіпкерлерін осы акцияны біріктіруге және қолдауға шақырады.

«Алматы қаласы Бостандық ауданының Кәсіпкерлер палатасымен бірге жобаны іске қостық, оның аясында біз вакцинация туралы төлқұжаты бар клиенттерге жеңілдіктер ұсынамыз. Біздің фитнес орталыққа бірінші абонементті 20% жеңілдікпен алуға болады. Клиент келеді, әкімшіге паспортты көрсетеді. Бұл жеңілдік біздің клубта бірінші айға жарамды», - Кирилл, фитнес клуб иесі.

«Кәсіпкерлерді, қала тұрғындары мен қонақтарын осы акцияға қатысуға шақырамыз. Вакцина салдың, жеңілдік алдың», - деді «Coffee and parfait bar» кофеханасының өкілі.

«Жобаға қатыса отырып, мемлекетті қолдап, халықты коронавирустық инфекциядан вакцинация алуға ынталандырғым келеді. Себебі вакцинация пандемияны жеңудің жалғыз жолы деп санаймын», - деп өз ойын «GAME ON» компьютерлік клубтар желісінің иесі Бақытжан білдіртті.

«Біз «Ashyq» жобасына қатысушылардың бірі болып табыламыз, сондай-ақ «Qamqor» акциясын қолдаймыз. Вакцинация туралы паспорты бар әрбір азамат біздің көрсетілімге жеңілдік ала алады. Келуді ұмытпаңыз, вакцина алыңыз, бұл өте маңызды», - Анна, «Трансформа» мәдени кеңістігінің директоры.

«25 мамырдан бастап «METRO» ойын-сауық орталығы осы акцияны қолдап, белсене қатысуда. 2 апта ішінде бізге вакцинациялау туралы төлқұжатымен 7-ге жуық келуші келді. Акция аясында бізден картинг, боулинг, бильярд, караоке сияқты барлық қызметтерімізге 10% жеңілдік алуға болады. Барлық кәсіпкерлерді акцияға қатысуға шақырамыз», - дейді «METRO» ойын-сауық орталығының басқарушысы Бэлла.

Сондай-ақ, акцияны пайдаланып, жеңілдіктер алған келушілердің оң өсу динамикасын атап өту қажет. 3 мыңнан астам азамат «QAMQOR» акциясына қатысушылардан тауарлар мен қызметтерге берілген жеңілдіктерді пайдаланды.

Акцияға қатысушылар:

«Kinopark 5» кинотеатры, (Тимирязев к - сі, 42) «Atakent Mall» ОСО - жеңілдік 20%;

«Brooklyn Fitness gym» фитнес орталығы (Керемет шағын ауданы, 7) - жеңілдік 20%;

«Трансформа» перформативтік өнер театры (Байзақов к - сі, 280) - жеңілдік 5%;

«Almaty Doner» кафесі (Абай даңғылы, 34) – жеңілдік 10%;

«GAME ON» компьютерлік клубтар желісі, (ш. а. Керемет, 7); (Розыбакиев көшесі, 111); (Бұқар жырау көшесі 27/5, блок 1) - жеңілдік 20%;

«Coffee and parfait bar» кофеханасы («Esentai Mall» ОСО, 4 қабат) - жеңілдік 20%;

«Әсем тау» демалыс аймағы (Алмарасан шатқалы) – жеңілдік 10%;

«Tsarskaya» қоғамдық моншасы, (Розыбакиев көшесі, 187) – жеңілдік 10%;

«METRO» ойын-сауық орталығы / боулинг, бильярд, картинг, караоке (Жандосов даңғылы, 2б) - жеңілдік 10%;

Алтын адам мейрамхана / авто жуу (Шашкин к - сі, 5а) – мейрамхана қызметтеріне - жеңілдік 20%, көлік жуу - жеңілдік 10%;

СТО таза қаласы (Жароков көшесі, 187а) – көлік жуу қызметіне 20% жеңілдік, майды ауыстыру – 10% жеңілдік, шиномонтаж қызметіне 10% жеңілдік;

Майами Бьюти сұлулық салоны (Гагарин даңғылы, 133/2) – косметологтың қызметіне жеңілдік 30%;

Aeka posh сұлулық салоны (Рысқұлбеков көшесі, 28/5) - жеңілдік 20%;

SР Car Wash көлік жуу (Сәтпаев к - сі, 90) - шанақ/салон 10% жеңілдік; (Санаторная к-сі, 14) - барлық қызметтерге 10% жеңілдік

UNIQUE COFFEE кофехана (Тимирязев көшесі, 46) - жеңілдік 20%;

Sweet Home дәмханасы (Жароков к - сі, 198а) - жеңілдік 15%;

Ziyafet Steak House мейрамханасы (Желтоқсан көшесі, 172) - жеңілдік 20%;

Marmara сұлулық салоны (Сәтбаев к - сі, 90) - 10% жеңілдік; (Бұқар Жырау бульвары, 26/1) - 10% жеңілдік; (Сәтбаев к - сі, 90/21) - 10% жеңілдік.

Жобаға қатысушылармен бейнерепортажды Бизнес штаб Алматы телеграмм-арнасынан көруге болады.


Серіктестер