«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Аздан басталған кәсіп

2021 жылғы 03 Шілде
- Батыс Қазақстан облысы
9008 просмотров

БҚО Бәйтерек ауданының тұрғыны, «Бастау» жобасына қатысушы екі жыл бұрын құс шаруашылығы саласында кәсіп бастап, бүгінде табысты кәсіпкер атанған.

 2019 жылы Достық ауылының 58 жасар тұрғыны Ерлан Жұмағалиев бизнес негіздерін меңгеріп, курс аяқталған соң тиісті сертфиткатты алып, бизнес-идеясын сәтті қорғап шықты.

БҚО Кәсіпкерлер палатасы Бәйтерек аудандық филиалының директоры Әсел Қартқожақованың айтуынша, курсқа қатысып жатқанда Ерлан Жұмағалиев құс өсірумен айналысып жүрген: балапандарын өсіруге арналған қорасы болған.

«Бәйтерек» ауыл тұрғының бизнес-жобасын жүзеге асыруға бес жыл мерзімге несие бөлінді, осы ақшаға Е.Жұмағалиев үйрек, қаз, тауық, күркетауық балапандарын сатып алған.   .

  Екі жыл ішінде бастаулық кәсіпкер өсіріп жатқан құс саны 100 бастан 3 мың басқа дейін өскен. Кәсіпкер құс фабрикасымен ынтымақтастықты жолға қойды. Балапандарды сатып алып, құсты етке сояды, етті базарға сатады.

 Әсел Қартқожақованың айтуынша, кәсіпкердің бір кездері қорадан бастаған кәсібі шағын құс фабрикасына дейін өсті, бұл оның бүкіл отбасының еңбегі.

«Бизнестің бұл түрі үшін сырттан қызметкерлерді тартудың қажеті жоқ: отбасы өз күшімен жұмыс істей алады», – дейді А. Қартқожақова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер