«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көмек дереу көрсетілді

2021 жылғы 05 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
8035 просмотров

БҚО Кәсіпкерлер палатасы үш бизнес субъектінің мәселесін шешіп берді.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасына қызметі өзендер, көлдер, су қоймаларында ойын-сауық және серуендеу-экскурсиялық іс-шаралар өткізу кезінде су көлігін пайдаланумен байланысты «Потапов», «Жигалина», «Қуан» жеке кәсіпкерліктері көмекке жүгінді. Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігердің «Су көлігі объектілерінде қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы» 19.07.21 жылғы №143 қаулысына байланысты кәсіпкерлік қызметтің бұл түрі ерекше өкім түскенге дейін тоқтатыла тұруға жатады. Ал су көлігін пайдалану бойынша кәсіпкерлік қызмет маусымдық кәсіп түрі болғандықтан қызметті жазда тоқтату кәсіпкерлер үшін ауыр соққы.  

 БҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінген кәсіпкерлер олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмек сұраған кезде аталған кәсіпкерлер экскурсиялық-серуендеуге су көлігін пайдалануға тыйым салу шарасының күшін жою үшін заңды дәйектер келтірді. Сонымен қатар, осы бизнес субъектілері атап өткендей, олардың қызметіне кедергі жасау – Ashyq жобасына қатысуға әкімшілік кедергі келтіреді.

БҚО Кәсіпкерлер палатасы үш кәсіпкерліктің наразылығы орынды екенімен келісіп,  осы мәселелені шешуде уәкілетті республикалық органдардың араласуын қажет ететінін ескеріп, кәсіпкерлерден өтінім түскен күні  «Атамекен» ҚР ҰКП орталық аппаратына қызметтік хат жіберді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан әрекет бірден болып, мәселені Республикалық маңызы бар уәкілетті мемлекеттік органдармен талқылау нәтижелері бойынша ҚР Көліктегі Бас мемлекеттік санитар дәрігер қаулы шығарып, су көлігіндегі жұмысына рұқсат берілді.  

 Бұл ретте өзендер, көлдер, су қоймаларында ойын-сауық және серуендеу-экскурсиялық іс-шаралар саласында пайдаланылатын су көлігін (катер, кеме, теплоходтар, паромдар және т.б.) пайдалануға байланысты қызметке қойылатын талаптар бойынша нормативтік актілердегі олқылықтарды жою шаралары қабылданады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер