«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БҚО-да шаруа қожалықтар Кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінді

2021 жылғы 18 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
7276 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Жаңақала ауданындағы шаруа қожалықтарына бұрыннан бергі проблеманы шешуге көмектеспек – ауылда төрт жыл қатарынан су жоқ, мұның салдары жем-шөп жинауға кедергі, ал биылғы қуаңшылық жағдайды тіптен қиындатқан.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңына шаруа қожалықтардың басшылары, мемлекеттік органдар өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары жиналды. Кәсіпкерлер бұл мәселені жергілікті атқарушы органдар деңгейінде шеше алмағанын айтып, палатаға көмекке келгенін түсіндірді.

 Жаңақала ауданындағы шаруалар қойдың еділбай тұқымын, жылқының күшім тұқымын, ірі қара малдың қазақ ақбас,  герефорд, ангус, қырдың қызыл тұқымын өсірумен айналысады. Соңғы төрт жыл бойы ауданда су жабдықтаумен мәселе шешілмей келеді. Тозығы жеткен су құбырларын жаңартуға қаражат жоқ, суду көршілес Ресей Федерациясынан сатып алуға да қаражат жоқ. Су арнасы бойынша шлюздарды заңсыз ашып тастау да орын алады. Бүгінде Жаңақала ауданының шаруа қожалықтары шөпті көрші аудандардан сатып алуға мәжбүр. Қожалықтардың басшылары жем-шөп пен судың жетіспеуі мал басының қысқаруына әкеледі, көбінде мал қаржы ұйымдарына кепілге қойылған.

«Братья Байкеновы»  ЖШС жетекшісі Талғат Байменов кездесу барысында әкімдіктер мал шаруашылығын субсидиялауды қарастырмайтынын, сондықтан шаруа Ақтөбе облысына біржола көшуді ойлап жүргенін мәлімдеді. Ақтөбе облысында жергілікті билік тарапынан мал шаруашылығын қаржыландыру жолға қойылған.

Ауыл шаруашылығының облыстық басқармасының өкілдері бұл мәселе республикалық деңгейде шешіледі деген пікірде. БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Жасұлан Халиуллин бұл мәселе елордаға мәлім екенін, тиісті хат Ауыл шаруашылығы министрлігіне жіберілгенін айтты.

 Кездесуде арнайы комиссия құрып, Жаңақала ауданына барып, жағдайды бағалау ұсынылды. Палатаның Өңірлік кеңесінің төрағасы Мұрат Жәкібаев мәселені шешу үшін облыс басшысы Ғали Исқалиевпен кездесу тиімдірек болады деп санайды. Өңірлік палата мамандары шаруа қожалықтардың басшыларына мәселе жергілікті деңгейде шешімін таппаса, республикалық деңгейге шешу бойынша шара қолданатынын жеткізді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер