«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құс фабрикасы субсидияны қайтармайды

2021 жылғы 03 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
13723 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік органдар бірнеше құс фабрикасынан бұрын алынған мемлекеттік қолдау қаражатын қайтару үшін оларды сотқа берген.

СҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының келтіріп отырған дәйегі мынадай: былтыр құс фабрикалары жұмыртқаны жоспарланған көлемнен аз өндірген. Сол себепті құс фабриалардан былтыр төленген субсидияларды қайтару талап етілген.

2020 жылғы қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауының эпидемиясы болды. Облыстың 11 ауданындағы 39 ауылда құс қырылды. Инфекция үй шаруашылықтарымен қатар ірі құс фабрикалардағы құстарды жалмады. Соның ішінде Бескөл (Бишкульская) құс фабрикасы бар, онда 252 187 бас: 247 620 тауық, 4 560 үйрек, 7 қазды өртеуге (жоюға) тура келді.

 СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Ашметовтың айтуынша, 2020 жылдың қазанында кәсіпорын тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандатуға шамамен 15 млн теңге көлемінде оған  тиесілі субсидиясын алды. Алайда биыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бұл қаражатты қайтаруды талап еткен.

 «2020 жылғы қырүйек соңында тауар өндірушінің субсидиялар алуға арналған белгіленген талаптарға сәйкестігін немесе сәйкес еместігін тексеретін арнайы комиссия 2019 жылы «Бескөл құс фабрикасы» 147 млн дана жұмыртқа өндіргенін анықтады. Мұндай көлем 1,2 млн данадан астам тағамдық жұмыртқаны 12 млн теңге нормативі бойынша субсидия алуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынға 14 791 548 теңге субсидия бөлінді. 2021 жылдың ақпанында СҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы 2020 жылы кәсіпорында жұмыртқа өндірісінің төмендеуін сылтау қылып, құс фабрикасынан мемлекеттік қолдау қаражатын толық көлемде қайтаруды талап етті. Екі айдан соң сәуірде сот процесі басталып, оған үшінші тарап ретінде өңірлік палатаның – Қызылжар және Аққайын аудандық екі филиалы қатысты», – деді СҚО ӨКП директоры Әлібек Ашметов.

 Мемлекеттік орган тарапынан талап арызды сотқа беруіне статистикалық көрсеткіштер себеп болды. Есеп бойынша «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС 2020 жыл ішінде жұмыртқа өндірісін төмендетіп, 34,8 млн дана шығарған. Талапкердің өкілдері мұндай жағдайда, нақты деректерге сәйкес жауапкер норматив бойынша субсидияны 1,2 теңге емес, 1 теңге көлемінде алуға тиіс екенін айтты. Осылайша талапкер тарапы мемлекет құс фабрикасына 2,5 млн (2 465 528 теңге) теңгені артық төлегенін, Қағидаларда қайта есептеу қарастырылмағандықтан, толық соманы қайтаруды талап етті.

 Палата мамандары талапкер өндірістің төмендеуіне эпидемия әсер еткенін ескермегенін алға тартты. Демек, кәсіпорынға байланысты емес жағдай туындаған. Бұл туралы сот отырысында жауапкердің өкілі де, палатаның аудандық филиалдары және «Қазақстан құс өсірушілер одағы» ЗТБ өкілдері  айтты.

 «Тамызда «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС-на қатысты сот процесі аяөталды, онда Қазақстан құс өсірушілер одағының өкілдерімен бірге мен үшінші тұлға ретінде қатыстым. Біз бір ауыздан тауар өндірушіні қолдадық, өйткені кәсіпкер алған субсидиялар 2019 жылдық өндіріске төленіп отыр, ал 2020 жылдағы өндіріс көлеміне келетін болсақ, оны облыстық басқарма санап, сол жылдың субсидиясын бөледі. Демек, өндіріс көлемі азайған жылға басқа норматив – 1 дана жұмыртқаға 1 теңгеден саналады. Кәсіпорында өндірістің төмендеуі құс тұмауы салдарынан құстың қырылуы себепті болғанын жақсы түсенеміз. Бұған кәсіпкер кінәлі емес»,  – деді ӨКП Қызылжар аудандық филиалының директоры Асқар Нұрмұқанов.

 Бұдан бөлек, субсмдя алуға бірелген өтінімге сәйкес құс фабрикасына белгілі бір өндіріс көлемін сақтау бойынша міндеттемелер қойылған жоқ. Шешім шығару кезінде қолданыстағы субсидиялау туралы қағидаларда субсидияларды қайтару туралы талап болмаған. Бұл фактілерді СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Әсел Досымова назарға алып, өз шешімін шығарды. Нәтижесінде сот мемлекеттік органға субсидияларды қайтару туралы талап қоюдан бас тартып, жауапкердің жағына шықты.

 Алдағы уақытта тура осындай сот процестері басқа құс фабрикаларына қатысты өтеді. ӨКП мамандары әділдік кәсіпкерлер жағында болатынына үмітті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер