«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңірлік кеңес мүшелері облыс әкімімен кездесті

2021 жылғы 04 Қазан
- Батыс Қазақстан облысы
5745 просмотров

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасында облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен «Атамекен» ҰКП алдында алты негізгі міндетті белгілеген VIII съезд жұмысының қорытындысы талқыланды. Облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы осы міндеттерді іске асыру жергілікті атқарушы органдар және өңірлік кәсіпкерлер палаталарына жүктелетінін және облыс басшысы ретінде БҚО Кәсіпкерлер палатасымен өңірдегі бизнес-ахуалды жақсарту, ШОБ дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі белгіленген жоспарларды талқылауға дайын екенін атап өтті.

Кездесудің екінші жартысында  жүйелік мәселелер көтерілді, сондай он мәселе талқыланды. Кәсіпкерлер Ғали Есқалиевтің назарына тариф белгілеу, мектептегі тамақтану саласындағы проблемалар, жобалық-сметалық құжаттаманы түзету кезінде туындайтын мәселелер, жанармай бағасының өсу проблемасы және басқа да бірқатар мәселелерді жеткізді.

 Өңірлік кеңестің аудандардағы өкілдері де zoom  арқылы әкімге өз сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, Бөкей ордасы ауданынан келген өңірлік кеңестің мүшесі Назымгүл Оразгелдиева облыс әкімінен аудан орталығы Хан Ордасы ауылына дейін автожол құрылысын аяқтауды жеделдетуді сұрады.

Отырысты қорытындылай келе, БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотов:

«Бүгінгі «галстуксіз» форматта өткен кездесу облыс әкімі Ғали Есқалиевпен жүйелі мәселелерді талқылау, оларды шешу бойынша ортақ міндеттерді белгілеуге мүмкіндік берді. Ұсыныстар әзірлеу кезінде біз Президент көрсеткен бағыттарды ескердік. Өңір басшысымен мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіледі деп шешілді».

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер