«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оралда қолөнер шеберлеріне арналған орталық ашылды

2022 жылғы 15 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
5494 просмотров

Оралда қолөнер шеберлері қоныс тойын тойлады – өңірде алғашқы мамандандырылған орталық ашылды. Орталықта шағын цехтер ашып, шеберлік сабақтарын өткізіп, әлеуметтік жобаларды іске асыруға болады.

 Жаңа орталық Өңірлік кәсіпкерлер палатасына іргелес орналасқан. Осылайша кәсіп бастағысы келетін азаматтар консультациялық көмек алу үшін алысқа бармайды. Нысан ауданы 600 шаршы метрге жуық, онда бір мезгілде 45 жалға алушы орналаса алады. Жергілікті әкімдік қолөнер шеберлері үшін айына небәрі 1000-1500 мың теңгені құрайтын жеңілдетілген жалдау тарифін белгіледі. Өңірдегі алаңдарды жалға алудың орташа құны 1 шаршы метр үшін 3 мың теңгеден басталады.

«Біз қолөнер шеберлеріне қолдау көрсетіп, олар жерлестеріміз бен туристерімізді ағаш, киіз, былғары, иірімжіптен жасалған әдемі қолдан жасалған бұйымдармен қамтамасыз ете отырып, табыс табыс табуы үшін атсалысып жатырмыз. Осылайша, қолөнер орталығының қызметі ұлттық қолөнерді жаңғыртып қана қоймай, облыстың беделін арттыруға мүмкіндік береді. Орталық тиімді болып, жақсы табыс әкелсін, ал біз оның көрме-жәрмеңкесіне өңірге келген қонақтарды шақыруға тырысамыз», – деп атап өтті облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Қолөнер шеберлерінің орталығына БҚО Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі,  облыстық қолөнершілер қауымдастығының төрайымы Тоғжан Бабиева жетекшілік етеді. Жетекшінің пікірінше,  өңірде ұлттық өнерді дамытып жатқан шеберлер көп. Бұған дейін олардың көбі үйде отырып жұмыс істеп келген. Енді орталықтың ашылуымен шеберлердің мүмкіндіктері арта түседі.

 «Қолөнер шеберлері орталықтың ашылғанына қуанышты. Олар шеберлік сабақтарын өткізіп, шағын цехтер ашуға, әлеуметтік жобалар өткізіп, басқаларды да өнерге үйретуге дайын. Ең бастысы тәрбие мақсатында этнопедагогикалық бағытты толыққанды дамыта аламыз, бұл біздің менталитетімізді қалыптастыруға ықпал етеді», – деді Тоғжан Бабиева.

 Батыс Қазақстан облысы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляна Тұрсынова Батыс Қазақстан қолөнершілерінің бұйымдары Қытайдан әкелінген тауарларға бәсекелес болуы керек деп санайды, өйткені олар табиғи материалдардан, табиғи шикізаттан жасалатынын айтты.

Ляна Тұрсынова облыс әкімі мен БҚО Кәсіпкерлер палатасына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, жаңа нысан шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға және халық шығармашылығын насихаттауға оң әсерін тигізетінін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер