«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңір басшысы женімпаз кәсіпкерлерді құттықтады

2022 жылғы 19 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
5026 просмотров

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев «Алтын Сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарымен кездесті.


Батыс Қазақстан облысының әкімі «Қазақстанның Үздік тауары» республикалық көрме-байқауы, «Іскер», «Аруана» бизнесте тану» сыйлықтары, «Ұлы дала елі» ортақ берндін иелену байқауының және «Парыз»бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының жеңімпаздарын құттықтады.
ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға қатысуға өңірден 15-ке жуық компания өтінім берді. Соның ішінде финалға 7 компания шықты. Осы байқаудың жеңімпазы «Қазтрубпром» ТМК ЖШС - Бас директоры Евгений Гаас болды. «ТМК-Қазтрубпром» ЖШС мамандануы – мұнай-газ саласына арналған корпустық және сорғы-компрессорлық құбырлардағы «премиум» класындағы стандартты және жоғары герметикалық бұрандалы қосылыстардың өндірісі. Құбырлар халықаралық, ұлттық, өңірлік, салалық API стандарттарына, МЕМСТ, МЕМСТ Р, ҚР СТ ИСО және техникалық шарттарға сәйкес шығарылады.
«Іскер» сыйлығы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға қатысқан және өз қызметінде табыстарға қол жеткізген, өз тауарларын үнемі жетілдіруге және оның сапасын жақсартуға ұмтылатын «Қазақстанның Үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысушылар арасынан компанияларға беріледі. «Іскер» сыйлығы «Балзия» ЖШС компаниясына - директор Евенеева Балзия Жұбанасқызына берілді. Кәсіпкер нарыққа кондитерлік және аспаздық өнімдерді кең ассортиментте жеткізеді. Компания өнімдерінің бірегейлігі – өндірісте тек табиғи компоненттерді пайдалану, жаңа компоненттерді енгізу арқылы өнімдерді үнемі жетілдіру, оларды біріктіру.
Биыл әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға ерекше назар аударылды. Үшінші жылы ең белсенді әйелдер аймақтың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Аруана» бизнесте тану» сыйлығымен марапатталады. Биыл 4 кәсіпкер әйелдің ішінде Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және «бір ауыл – бір өнім» пилоттық жобасын іске асыруға қосқан жеке үлесі үшін БҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляна Тұрсынова марапатқа ие болды.


«Ұлы дала елі» – қазақстандық тауарлар шетелдік нарықтарға шығатын ортақ бренді. Осылайша, жоғары сапалы тауарлар шығарылатын еліміз жарнамаланады. Байқаудың негізгі мақсаты – жақын және алыс шет елдерде «Ұлы дала елі» ортақ брендін танымал ету. Бұл байқаудың жеңімпазы ЕАЭО елдеріне тұщы су шаяндарын экспорттаумен айналысатын Әлібек Сартаев жеке кәсіпкерлігі болды. Өнім ветеринария органдарында барлық сертификаттау сынақтарынан өтеді, сапасын растау үшін және тауарды экспортқа жібермес бұрын ҚР, ЕАЭО және ДСҰ заңнамаларына сәйкес барлық рұқсат беру құжаттары ресімделеді.
Облысымыздың мұнай-газ саласымен айналысатын үш компания «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша байқаудың жеңімпаздары атанды. «Жайық Мұнай» ЖШС компаниясы «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша марапатталды, директоры – Даркеев Жомарт Ғабдулқайырұлы.

«Қазбургаз» АҚ «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша жеңіске жетті, президент – Жасанбаев Әли Бакитжанұлы. «Czech camp» ЖШС (Чех Кэмп) «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша үздік атанды, атқарушы директоры – Пешл Ян.

Өңір басшысы Нариман Төреғалиев республикалық байқаулардың барлық жеңімпазын құттықтап, лайықты наградалар кәсіпкерлік қызметте одан әрі биіктерге жетуге, Қазақстан нарығында танымалдылықты арттыруға серпін беретініне сенім білдірді! Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлеріне берілген наградалар өңірде тауарлар мен қызметтер өндірісінің табысты дамып жатқанын көрсетеді.
Сондай-ақ, аталған кездесуде финалист компанияларға: «Стекло-Сервис» ЖШС, «Нұржанар» ЖШС, «Zhuldyz» ЖК, «Серғазиев и.С.» ШҚ, «Орал-Кабель» ЖШС «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауына белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды. Бұл компаниялардың алдағы республикалық байқауларда жеңіске жету үшін зор әлеуеті бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер