«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Bed Tax: туристік жарнаға белгіленген мөлшерлеме қолданылады

2023 жылғы 01 Наурыз
7677 просмотров

Қолданыстағы ережелерге өзгерістер енгізу жөніндегі уағдаластыққа «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов пен ҚР Мәдениет және спорт Вице-министрі Ержан Еркінбаевтің қонақ үй бизнесі мен Атамекен салалық қауымдастықтарының ұсыныстары талқыланған жұмыс кездесуі нәтижесінде қол жеткізілген болатын.

Мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері туристік жарнаны енгізу тетігін талқылау мәселелері бойынша бірнеше рет кездесті. Нәтижесінде Bed Tax шетелдіктері үшін туристік жарнаның пайыздық мөлшерлемесін белгіленген ставкаға ауыстыру туралы тұжырымдамалық шешім қабылданды. Енді Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін 0,5 АЕК және қалған өңірлер үшін 0,2 АЕК мөлшерінде тіркелген мөлшерлеме қолданылады.

Туризм департаментінің басқарушы директоры Дамиля Құнанова қабылданған ұсыныстардың тұсаукесері өткен қонақ үйлердің қатысуымен кеңейтілген кеңес барысында салалық министрлікке және бизнес қоғамдастыққа осы мәселені шешуге белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

 

«Біз Үкіметтің туристік жарна төлеу жөніндегі қаулысын іске асыру бойынша кезекті рет жиналып отырмыз. Нарықта төлем тетігі бойынша туындаған мәселелерге байланысты біз сұрақ 2022 жылғы қарашадан бастап бақылауда. Қаулы және салалық заңнама бойынша бизнестің көптеген ұсыныстары ҚР МСМ тарапынан қабылданғанын атап өткім келеді. Ережеге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарға жедел бастамашылық жасаған туризм саласындағы әріптестеріме, сондай-ақ бейінді министрлікке оларды қолдағаны үшін алғысымды білдіремін», - деді Дамиля Құнанова.

Мәдениет және спорт Вице-министрі Ержан Еркінбаев норманы енгізу кезінде бизнесте көптеген мәселелер туындағанын, ҰКП, Қалалық туризмді дамыту орталығы мен Қазақстан туристік қауымдастығының арқасында нарық жедел жұмылдырылғанын, онымен талқылаулар жүргізіліп, барлық ұсыныстар жиналғанын атап өтті.

«Бірнеше жаһандық шешімдер қабылданды, пайыздық мөлшерлеменің орнына белгіленген мөлшерлеме қолданылатын болады. Салалық заңнамаға өзгертулер енгізу бойынша бірқатар ұсыныстар да бар. Қазіргі уақытта біздің міндетіміз – ҰКП-мен бірлесіп, қонақтарға ыңғайлы болу үшін және қонақүйлерге операциялық тұрғыдан қиындықтар туғызбау үшін ережелерге жедел өзгерістер енгізу», - деп Ержан Еркінбаев атап өтті.

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбековтың айтуынша, қаулы мен заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу біраз уақыт қажет етеді.

«Нормативтік-құқықтық актілерді қабылдаудың қолданыстағы рәсімдерін ескере отырып, Ұлттық палатамен келісе отырып, біз ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу мәселесін бірінші кезекте пысықтаймыз, ол 1-1,5 айға созылады, бұдан әрі жыл соңына дейін заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесін пысықтаймыз», - деп Дастан Рыспеков атап өтті.

Бұдан басқа, ҚР МСМ тарапынан қолданған нарық ұсыныстарының ішінде шетелдіктерге арналған туристік жарна операторлары тізімінен балалар-сауықтыру орталықтарын, жол бойындағы сервис объектілері жанындағы қонақ үйлерді алып тастауды атап өткен жөн. Операторлардың жұмысын жеңілдету үшін ЖАО-ға төленген туристік жарнаны есепке алу жөніндегі мәліметтерді ұсыну бойынша нысаны мен мерзімін өзгерту ұсынылады, 18 жасқа дейінгі балаларды жарна төлеуден босату, тұрғылықты жерінің алғашқы 14 күні ішінде ғана алу жөніндегі ұсыныстар қаралатын болады. Сондай-ақ, қонақүйлер салықтық және бухгалтерлік әкімшілендірудің нақты механизмінің жоқтығына алаңдайды.

Тиісті заңнама актілеріне өзгерістер енгізілгенге дейін, мәслихаттардың туристік жарнаны бекіту туралы шешімдері қабылданған елді мекендерде орналастыру орындары қолданыстағы ережелерді сақтайтынын атап өткен жөн.

Кеңесті қорытындылай келе, мәдениет және спорт Вице-министрі Ержан Еркінбаев нарық қатысушыларын бизнестің барлық ұсыныстары қаралатынына, ал бизнесте бухгалтерлік және салықтық әкімшілендіру бойынша туындаған қиындықтарды ескере отырып, Министрлік ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен тетік бойынша түсініктеме сұрайтынына сендірді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер