«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы барлық шаралар прокуратурамен келісілуі тиіс

2023 жылғы 28 Желтоқсан
- Павлодар облысы
9668 просмотров

Бұл туралы Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында өткен ведомствоаралық кеңесте айтылды

Кездесу облыс прокурорының орынбасары Бауыржан Ертаевтың, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жамбайбектің, "Атамекен" ӨКП директоры Ерқанат Әбеновтің, "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" АҚ өкілдерінің, жергілікті атқарушы органдардың, бақылау-қадағалау және құқық қорғау органдарының қатысуымен өтті.

Қатысушылар инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің тиімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады.

Мәселен, барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдары прокуратура органдарымен инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды келісу туралы талаптарды мүлтіксіз сақтауға тиіс: қызметті тоқтата тұру, қолданысын тоқтата тұру, рұқсаттан немесе рұқсатқа қосымшадан айыру (кері қайтарып алу), рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту, инвестордың пайдасына бұрын шығарылған мемлекеттік орган шешімінің күшін жою (кері қайтарып алу), уәкілетті мемлекеттік органның келісімшартты немесе келісімді біржақты тәртіппен бұзуы.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы инвесторлардың тізілімін жүргізеді, ол ресми ақпараттық сайттарда орналастырылады.

Инвесторларды қолдау бойынша кездесулер Павлодар облысының ӨКП алаңында тұрақты негізде жұмыс істейтін инвест-жобаларды сүйемелдеу жөніндегі фронт-офис шеңберінде өткізіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер