«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау шаралары

2024 жылғы 30 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
6113 просмотров

БҚО Кәсіпкерлер палатасы су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету шараларын түсіндіруге қатысты мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын ұйымдастырды.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жанна Бекқалиева облыс аудандары және Орал қаласында су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу жөніндегі комиссияның жұмысын бастағанын хабарлады. Зардап шеккендерден құжаттарды жинау басталды. Сонымен қатар оларға консультациялық көмек көрсетіледі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Орал қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Айман Айдарова су тасқынынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғалар 1 сәуір мен 30 маусым аралығында несиелік қарыздарды қайтарудан босатылатынын хабарлады. Несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыру қарыз алушының жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде беріледі.

Бұдан басқа, әрбір зардап шегушіге келтірілген залалды анықтау тұрғысынан жеке талдау жүргізілетін болады. Қарыз алушының қаржылай жағдайына баға беріледі және талдау нәтижесі бойынша қаржы ұйымдары несие бойынша қосымша жекелей қолдау шараларын ұсыну туралы мәселені шешетін болады.

 «Aqjaiyq Atameken» микроқаржы ұйымы»  ЖШС директоры Ғалымжан Қойшиев су тасқынынан зардап шеккендердің өтініштері қолма-қол және aqjaiyq.atameken@mail.ru электрон пошта арқылы қабылданатынын атап өтіп, төлемдерді кейінге қалдыру үшін МҚҰ-ға жүгіну тәртібін түсіндірді.

БҚО мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Қайдаров кездесуде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығының мазмұнымен таныстырды. Осы нормативтік-құқықтық актіде жергілікті атқарушы органдар су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер үшін салық міндеттемелері саласында кейінге қалдыру көзделген.

Баспасөз конференциясына «Центр Кредит» банкінің қызметшісі де қатысты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер