«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Су тасқынынан залал тиген кәсіпорындарға тексеру жүргізіліп жатыр

2024 жылғы 21 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
6473 просмотров

Орал қаласы әкімдігінің Су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу жөніндегі қалалық комиссияға кәсіпкерлерден 20-дан астам өтінім келіп түсті. 20 мамырдағы жағдай бойынша комиссия мүшелері шағын және орта бизнестің 11 нысанын зерттеді.

 Комиссия құрамына бес мемлекеттік органның өкілі кірген. Сонымен қатар комиссияға «Атамекен» ӨКП және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де мүше.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мейрам Халеловтың айтуынша, кәсіпкерлік объектілеріне барудың мақсаты – су тасқыны салдарынан бизнес субъектілеріне мүліктік зиян келтіру фактісін куәландыру екенін айтты. Үш күндік аралау нәтижесінде комиссия 11 объектіні тексеріп шықты.  

 Үлкен шығын Жайық және Шаған өзендері жағалауында ораналасқан объектілерге келтірілген. Мүліктік зиянды растау фактісі тиісті қорытындымен ресімделеді және бағалау компаниясына жүгінген кезде ол құқық белгілейтін құжаттарға қоса беріледі.

Еске салсақ, мүліктік зиянды бағалау құқығы берілген бағалау компанияларының тізбесін өңірлік комиссия айқындаған және оған 11 компания кірген.

 Кеше «Fazenda» мейрамханасы (Жайық бойында), «Пирс» и пляж «Forest» кафесіне (Шаған бойында) тексерілді. «Fazenda» мейрамханасы 70 пайызға қирап қалған. Келтірілген залалды жою үшін қомақты қаражат керек. Кәсіпкер мемлекеттік көмекке үміт артып отыр.

 Жеке кәсіпкер Людмила Щербатова өзен жағалаңуында отбасылық демалыс аумағын ұйымдастырды, онда қала тұрғындары мен облыс орталығының тұрғындарына маусымдық демалыс қзметтерінің спектрі ұсынылады.

«Forest» осы жылдың ақпанда ғана ашылды. Су басқан соң кәсіпкер шығынға батты.   Щербатованың есептеулері бойынша ақшалай шығын 15 млн теңгені құрайды. Бұған ескіні бұзу, жэәне нысан жұмысын қайта бастауға кететін шығын қосылған жоқ.

«Су кеткенше екі аптадай уақыт керек. Тағы екі апта аумақты тазалауға жұмсалады. Осы жазда жұмыс істеп үлгереміз әрі шығыннан шығамыз деп үміттенеміз», - деді кәсіпкер.

Отбасылық демалыс аймсағына тексеру қайық арқылы жасалды. Комиссия қорытындысы кәсіпкерге берілген кезде кәсіпкер бағалау компаниясын өзі таңдауы керек (компаниялар тізімі кәсіпкерлерге берілген).

Тез тамақтануды ұйымдастырушы «Айданалиев» жеке кәсіпкерлігіне де тексеру жүргізілді. Комиссия «Флагман» кафесіне барып, кәсіпкерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Бағалау компаниясының қорытындысын қажетті құжаттармен қалалық комиссия мүліктік зиянды өтеу жөніндегі өңірлік комиссияға жібереді (кәсіпкерлерден өтінімдерді қарау рәсіміндегі соңғы кезең).

Қалалық комиссияның объекті аралауы күн сайын жүзеге асырылады. Осындай жұмыстар апатқа ұшыраған аудандарда да жүргізіліп жатыр.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер