«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

АҚТӨБЕДЕ "БІР АУЫЛ-БІР ӨНІМ" КӨРМЕ-БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

2024 жылғы 20 Тамыз
- Ақтөбе облысы
3970 просмотров

ҚР Конституциясы күні қарсаңында Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы өңір тұрғындары мен қонақтарын "Бір ауыл – бір өнім" жәрмеңкесіне шақырады. Ақтөбелік тауар өндірушілер өз өнімдерін 29 тамызда "Dalida Center" сауда орталығында ұсынады.

Біздің өңірдегі кәсіпкерліктің 30-ға жуық өкілі өз өнімдерін жергілікті шикізаттан ұсынады. Келушілер қолдан жасалған бұйымдарды, қыш ыдыстарды, ұлттық нақыштағы тауарларды, ет-сүт өнімдерін, тәттілерді және басқа да тауарларды сатып ала алады.

Іс - шараның басты мақсаты - қарапайым азаматтардың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін арттыру, кәсіпкерлерге өз өнімдерін одан әрі экспортқа шығара отырып өткізу нарықтарын кеңейтуге жәрдемдесу.

"Бір ауыл – бір өнім" ҰКП жобасы өңірде бірегей өнім іздеуге, жергілікті тауарлар мен қызметтер өндірісін дамытуға, тек жергілікті шикізатты пайдаланатын өндірушілерді біріктіруге және ынталандыруға бағытталған. Бүгінде өңірлік кәсіпкерлер палатасына аудан тұрғындарынан 28 өтінім келіп түсті. Көрменің әлеуетті қатысушыларының жобаларының ауқымы өте кең — нан-тоқаш, ет-сүт өнімдерінен тігін, қыш бұйымдарына дейін және т.б. Жобаларды мемлекеттік органдардың, ӨКП, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіретін жұмыс тобы бағалайтын болады. Көрме қорытындысы бойынша алдағы кезеңдерге қатысу үшін он жоба іріктеледі", - деді Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов.

Іріктеу қорытындысы бойынша финалистерге жобаларды одан әрі сүйемелдеу, дизайнды әзірлеу және өнімді қазақстандық немесе халықаралық сауда алаңдарына шығару бөлігінде ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетілетін болады.

Көрме ағымдағы жылдың 29 тамызында "Dalida Center" СО ғимаратында (К.Нокин даңғылы, 34е) өтеді. Басталуы-сағат 15:00-де.

Барлығына кіру тегін. Іс-шара концерттік бағдарламамен сүйемелденетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер