«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Микро және шағын бизнесті енді кәсіпкерлер палатасы жанындағы арнайы Кеңес қолдайды

2024 жылғы 28 Қараша
- Алматы қаласы
272 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Микро және шағын бизнесте жұмыс істейтін ең белсенді және бей-жай қарамайтын 27 кәсіпкер салалық кеңеске бірікті. Оның мақсаты - проблемалық мәселелерді анықтау және шешу, бизнесті қорғау, қабылданатын нормативтік-құқықтық актілерді сараптау, саланы дамыту және бизнестің құзыретін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

400 мыңнан астам алматылықтар шағын бизнес пен ықшамды кәсіпорындарда табыс тасын өрге домалатуда. Кәсіпкерліктің дәл осы саласы қолдаудың барлық түрлеріне мұқтаж: қаржылық, заңгерлік, кеңестік. Кеңестің негізгі жұмысы да осыған бағытталатын болады. Оның мүшелері шағын кәсіпорындардың нарықта өзін таныту үшін түрлі көрмелер мен байқауларға қатысуына жәрдемдесуге, жеңілдетілген несиелер мен субсидияларды ресімдеуге көмектесуге, стартаптарға қолдау бағдарламаларын енгізуге және т. б. ниетті.

Жиынға қатысушылар шағын және микробизнес проблемаларының негізгі шеңберін атап, кейінге қалдыруға болмайтындардың басымдылығын анықтады. Ал жұмыс нәтижелі болуы үшін олар өз құрамынан төраға таңдады. Мунавара Палташеваның ұсынылған кандидатурасын барлығы мақұлдады. Іскер әйелдің мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл жасауда да, кәсіпкерлікте де үлкен тәжірибесі бар.

                               

«Шағын және орта бизнестің барлық саясаты әрдайым Алматыда қалыптасқан. Тіркеу журналдары, «бір терезе» қағидаты, тағы басқа да көптеген механизмдер «пилоттық» жоба ретінде сыналған кейіннен бүкіл елге таралды. Сондықтан біздің кеңесіміз қажетті және маңызды идеяларды тудырады деп үміттенемін. Ал мен өз тарапымнан микро және шағын бизнесті қолдау мен дамыту үшін жағдайдың жақсаруына барынша ықпал етуге тырысамын», - деді Мунавара Палташева.

                                 

Күн тәртібінде алдағы аймақтық кеңес сайлауы да талқыланды. Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Ақеркін Эралиева салалық кеңестер мен аккредиттелген қауымдастықтардан делегаттарды ұсыну рәсімін түсіндірді.

                                       

«Өңірлік кеңес - кәсіпкерлер палатасы жанындағы бақылау орган. Ол кәсіпкерлер арасынан сайланады. Өңірлік кеңес біздің жетекшілік ететін органымыз және біз, Палата қызметкерлері ретінде, оған есеп береміз, ол бізге мақсаттар мен міндеттер қояды, жұмыс жоспарларын бекітеді, байқау-тексеру қызметін жүргізеді», - деп атап өтті Ақеркін Эралиева.

                                          

Осылайша, бизнес проблемаларына барынша бей-жай қарамайтын және кәсіпкерлер үшін жағдайдың жақсаруына ықпал еткісі келетіндер бұдан әрі өңірлік кеңестің құрамына ұсынылатын болады және жергілікті деңгейдегі проблемаларды шешу үшін республикалық деңгейге көтерілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер