«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбелік шаруаларға ҚазАгроҚаржы лизингтің жаңа цифрлық сервисін таныстырды

2025 жылғы 07 Тамыз
- Ақтөбе облысы
1096 просмотров

Ақтөбеде егін жинау науқанына орайластырылған өңір шаруаларымен жұмыс кездесуі өтті. с-шараға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты. Кездесудің басты тақырыбы - ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға өтініш берудің цифрлық форматына көшу.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдері кеңсеге бармай-ақ қаржыландыруға өтініш жіберуге мүмкіндік беретін жаңа онлайн-құралды таныстырды. Онлайн-өтініш - қағаз форматына балама екенін атап кеткен маңызды: фермер әлі де болса құжаттарды өзі бере алады.Сонымен қатар, компания цифрлық шешімдерді кезең-кезеңімен енгізе отырып, өзара ынтымақтастық процестерін қарапайым әрі қолжетімді етуде.

«Біз өз қызметімізді барынша ыңғайлы және заманауи етуге тырысудамыз. Жаңа құрал шаруаларға қаржыландыруға өтінішті онлайн беріп, уақыт пен ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы жұмыстарының қызып тұрған шағында аса маңызды. Біздің мақсатымыз - лизинг ресімдеуге көп уақыт пен күш жұмсамай, ең бастысы - даладағы жұмыстан қол үзбей, қажетті ауыл шаруашылығы техникасын тезірек алуға мүмкіндік беретін жүйені құру», - деп атап өтті «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе филиалының директоры Асхат Оңдағанов.

Бұл ретте цифрландырумен бірге бірқатар қиындықтардың да қатар жүретіні назардан тыс қалмады, яғни, өңірдің шалғай аудандарында интернеттің, жабдықтың және цифрлық дағдылардың жетіспеуі әдеттегі жағдай. Осы кедергілерді еңсеру үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім шеңберінде Палата мамандары шаруаларға қаржыландыруға онлайн-өтініш беру, құжаттарды жинауға көмектесу және ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша консультация беретін болады.

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов: - «Атамекен» бизнес үшін қарапайым, түсінікті және ыңғайлы шешімдерді қолдайды. Біз кәсіпкерлердің қаржыландыруға қол жеткізуін жеңілдететін бастамаларды әрқашан да қолдап отырамыз. Атап айтқанда, қол қойылған меморандум шеңберінде біз «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на ақпараттық сүйемелдеу және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржыландыру құралдарын, цифрлық шешімдерді түсіндіру бөлігінде жан-жақты қолдау көрсетпекпіз. Біз шаруалар мен кәсіпкерлерге өтінім беру тетіктері бойынша консультация беруге, қажетті құжаттар топтамасын жинауға және ресімдеуде көмектесуге дайынбыз. Ақтөбе облысының барлық аудандарында кәсіпкерлер палатасының филиалдары жұмыс істейді, консультация мен қолдау алу үшін әрқашан жүгінуге болады», - деп атап кетті. Оның айтуынша, бүгінде Ақтөбе облысында АӨК саласында 10 мыңға жуық ШОБ субъектісі, оның ішінде 9 мыңға жуық шаруа қожалығы жұмылдырылған.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жүсібалиев субсидиялау түрінде АӨК саласын мемлекеттік қолдау көлемін айтып, фермерлерге жоғары өнім тіледі.

Кездесу компания үшін ерекше жылы өтті – «ҚазАгроҚаржы» АҚ құрылғанына 25 жылдығын атап өтті. Осы қызмет жылдарында компания инвестицияларының жалпы көлемі 1,7 трлн теңгені құрады, еліміздің әр түпкірінде 90 мыңнан астам техника лизингке берілді. Ақтөбе облысында филиал өзінің қызметі жолында 60 млрд теңгедей сомаға 6500-ден астам техника сатып алуды қаржыландырды. 2025 жылы, 1 тамыздағы жағдай бойынша, 5,3 млрд теңге сомасына 569 бірлік техника тапсырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174