«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ТҮЙЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – АУДАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

2025 жылғы 12 Қараша
- Түркістан облысы
139 просмотров

Бүгін Отырар ауданында түйе шаруашылығын дамытуға арналған маңызды іс-шара – «Дромедар және Бактриан түйелерінің репродукциясы» тақырыбындағы семинар өтті.

Семинарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессорлары — биология ғылымдарының кандидаты Есенғали Үсенбаев, ветеринария ғылымдарының кандидаты Қайрат Қойбағаров, ветеринария магистрі Серік Хизат, сондай-ақ республикалық түйе тұқымдары палатасының басшысы Мейрамбек Ермаханов және «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директорының орынбасары Мариям Калгимбаева қатысты.

Жиынға аудандық ветеринария бөлімінің мамандары мен түйе шаруашылығымен айналысатын фермерлер де қатысып, саладағы өзекті мәселелер мен тәжірибелер талқыланды.

Семинар барысында түйе өсіру ісіндегі заманауи әдістер, қолдан ұрықтандыру технологиясы және өнімділікті арттырудың ғылыми негіздері түсіндірілді.

Профессор Есенғали Үсенбаев атап өткендей:

«Қазіргі таңда түйе шаруашылығында асылдандыру мен репродукцияны ғылыми негізде жүргізу – өнім сапасын арттырып, шаруалардың табысын еселейтін негізгі тетік. Біз фермерлерге нақты тәжірибелік кеңестер мен әдістемелер ұсынып отырмыз».

Ал Отырар аудандық филиал директоры Ұлан Абдрахимов өз сөзінде:

«Отырар өңірі – түйе өсіруге табиғи тұрғыдан ең қолайлы аймақтардың бірі. Бұл салаға ғылыми көзқарас енгізу арқылы экспорттық әлеуетті де арттыруға болады», – деді.

Фермерлер келген ғалымдарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік ұсыныстар алды.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың қаңтар–ақпан айларында ауданның Маяқұм және Қоғам ауыл округтерінде Н.Үсенов пен М.Айдарбеков шаруа қожалықтарында эксперименттік жоба аясында жұмыстар жүргізілген болатын.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар түйе шаруашылығын жаңа ғылыми әдістермен дамыту бағытында өзара әріптестікті жалғастыруға уағдаласты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174