Шымкентте арнайы салық режимінің мөлшерлемесі 2 пайызға дейін төмендетілді
Шымкент қаласында арнайы салық режимі аясындағы салық мөлшерлемесі 2 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылданды.
Осылайша Шымкент қаласының мәслихаты Кәсіпкерлер палатасының бастамасын қолдады.
Ұзақ уақыт бойы Кәсіпкерлер палатасы, жергілікті мәслихат және Шымкент қаласының әкімдігі бірлесе жасаған жұмыстың нәтижесінде, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы салық режимінің (АСР) салық мөлшерлемесі 2%-ға төмендетілді.
Бұл шешім Шымкент қаласы маслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы қаулысына негізделген.
Бұл маңызды әрі уақтылы жүзеге асырылған бұл қадам кәсіпкерлерге 2026 жылғы салық өзгерістеріне дайын болуға көмектеседі.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салық реформасын талқылауға белсене қатысып, жергілікті өкілдік органдарын – мәслихаттарды жаңа арнайы салық режимінің мөлшерлемесін 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін төмендету туралы жедел әрі нақты шешімдер қабылдауға шақырды. Кәсіпкерлер палатасы осы маңызды мәселені шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында көтеріп келеді.
Себебі, 2026 жылдан бастап еліміздегі салық саясатына елеулі өзгерістер енгізіледі:
- ҚҚС ставкасы 16%-ға дейін көтеріледі.
- ҚҚС міндетті тіркеу шегі 10 мың МРП-ға дейін төмендейді.
Осы өзгерістерді ескере отырып, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы алдын ала арнайы салық режимінің мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендету бастамасын көтерді. Бұл салық кодексінде қарастырылған және жергілікті өкілдік органның шешімімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл қадам неліктен маңызды?
Ставканы төмендету:
- Шағын және орта бизнесті көлеңкеден шығару үшін жағдай жасайды;
- Бизнесті ашық жүргізу мәдениетін нығайтады;
- Салық тәртібін арттырады;
- Өзін-өзі декларациялау арқылы салық базасын кеңейтеді;
- Кәсіпкерлерге тұрақтылық пен жұмыс орындарын сақтауға көмектеседі;
- Қаланың инвестициялық тартымдылығын арттырады.
Бұл шешім Шымкенттегі бизнес климатын жақсартуға және жаңа жобаларды дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететін маңызды қадам болатынына сенімдіміз.
Сонымен қатар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұзақ уақыт бойы мемлекеттік органдар және салалық қауымдастықтармен бірігіп жұмыс істеудің нәтижесінде негізгі мақсатқа жетті – мемлекет пен адал кәсіпкерлердің мүдделері арасындағы тепе-теңдік қамтамасыз етілді. Бұл – адал кәсіпкерлер көбіне жеңілдетілген салық режимінде жұмыс істеуді жалғастыра алады деген сөз.
Қазақстан Үкіметі арнайы салық режимін (СНР) қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімін бекітіп, жариялады (https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2500000970
). Осы тізімге 44 санат, жалпы 185 нақты қызмет түрі енгізілген.
Осы тізімге кірген кәсіпкерлерге қызмет түрлерін бекітілген талаптарға сәйкес реттеу әрі болашақ жоспарларын ескере отырып, салық режимін уақытында өзгерту қажеттілігін ескертеміз.
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмысын жалғастыруда.
Кез келген сұрақтар бойынша Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады.
Мекенжайы: Шымкент қ., Ерімбетов көшесі, 304Г, «Заңгар» бизнес орталығы, 2-қабат.
Электронды пошта: shymkent@atameken.kz Тел.: 8 7252 394 977.


Пікір қалдыру:
Пікірлер: