«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: Батыс Қазақстан облысының ерекшелігі мұнда ҮИИДМБ-2 барлық 6 басым саласын дамытуға болатынында

2014 жылғы 16 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
10654 просмотров

Өңірлік Кеңес мүшелерімен, кәсіпкерлер палатасының дирекциясымен және облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесуде ҰКП Төралқасының басшысы Тимур Құлыбаев Батыс Қазақстан облысының бірегейлігін атап өтті, онда Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының барлық 6 басым саласын дамытуға болады.

«Батыс Қазақстан облысының бірегейлігі мұнда ҮИИДМБ-2 бағдарламасын дамыту үшін, барлық мүмкіндіктер берілген, ол салалар: мұнай өңдеу, мұнай-газ химиясы, тамақ өнімдері, өнеркәсіп үшін химикаттар өндірісі, ауыл шаруашылығы техникасы, тау-кен өндіру өнеркәсібі үшін машиналар мен жабдықтар өндірісі, құрылыс материалдарының өндірісі – осы салалардың барлығы индустриалды даму бағдарламасына енеді. Сіздерде кәсіпорындар, тәжірибе бар, оларды дамыту қажет», - деп атап кетті Тимур Құлыбаев.

Ұлттық палата Төралқасының Төрағасы мемлекет қолдаудың теңдессіз шараларын ұсынып отырғанын қоса айтып кетті: салық жеңілдіктері, салық тәртібінің тұрақтылығы және шақырылған мамандар үшін визалық тәртіптің жеңілдетілуі, егер бұл басымдылықтарға сәйкес келсе және бұл шынымен де инновациялық жоба болатын болса, инвестициялар мөлшерінің 30% дейінгі орнын толтыру.

«Мен мұны бастаушы не бұрыннан бар бизнес үшін зор мүмкіндік деп санаймын, осы бағдарлама бойынша белсенді түрде жұмыс жасай бастау керек», - деді ол.

Сонымен қатар, жиналысқа қатысушылар өңірлік палата мен дирекцияның бақылауына алынуға тиіс мәселелерді талқылап, белгіледі: мемлекеттік бағдарламаларды орындау және өңірлік даму институттарын басқаруға қатысу – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, индустриалдық аймақтар және басқ.

«Мемлекет бизнесті қолдау бойынша ұсыныстардың үлкен шоғырын ұсынады, ал бұл бағдарламалардың өңірде жұмыс жасауын, олардың кәсіпкерлерге жеткізілуін Өңірлік кеңес қадағалауға тиіс, - деп баса көрсетті Тимур Құлыбаев. – Келесі маңызды нәрсе -  қаражаттың бизнес үшін қол жетімділігі, ол мемлекеттік органдармен бірге даму институттарын басқару процесіне өзі белсене араласуға тиіс. Палатаның міндеті – директорлар кеңестеріне өз өкілдерін жіберу, бұл төрешілдік кедергілерді барынша қысқартуға, қаражатты алу процедурасын одан да жеңілдетуге және кәсіпкерлер үшін ыңғайлырақ етуге қажет».

Сонымен қатар, ҰКП Төралқасының басшысы өңірлік кеңес пен дирекцияның үйлескен және жігерлі жұмысының маңыздылығын атады, себебі шағын және орта бизнес көп дәрежеде өңірлік саяасатқа тәуелді. Тимур Құлыбаев ҚР ҰКП және үкімет арасында кей жерлердегі әкімшілік кедергілерді жою үшін құрылған сұхбат алаңының тәжірибесін алуға шақырды.

«Ұлттық палатаның Орталық аппараты бизнестің проблемаларын жалпы мемлекеттік деңгейде шешпекші. Өңірлік деңгейге келер болсақ, онда бұл жерде сіздердің күштеріңіз, сіздердің жергілікті атқарушы билікпен келіссөздер алаңыңыз тартылуға тиіс. Бизнес шынайы қолдауды сезінуге тиіс. Әрине, бірінші кезекте, бұл сауда, құрылыс, жер қатынастарының мәселелері. Бұл мәселелерді шешуге болады және сол жерде шешу қажет», - деді Тимур Құлыбаев.

Өз кезегінде, БҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің басшылары жасалынған жұмыстар туралы сөз етті.

«Жыл басынан бері ӨКП кәсіпкерлердің 632 өтінішін қарастырды, оның ішінде 485 ауызша, 147 жазбаша, 21 әкімшілік кедергі анықталды, мемлекеттік органдарға 111 сұрау даярланды. Сонымен қатар, ҰКП-ға 17 нормативтік-құқықтық актіні өзгерту бойынша ұсыныс енгізілді. Палата 22 кәсіпкердің мүддесін қорғап қала алды. Қазігі уақытта БҚО-да шағын және орта бизнестің 30,5 мың белсенді субъектісі әрекет етеді. Палата алдында бизнес-қоғамдастықты шоғырландыру, бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде іскерлік климатты жақсарту бойынша міндеттер тұр», - деп ақпараттандырды жиналғандарды БҚО КП директоры Кеңес Әбсәтіров.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының маусымда өтетін Құрылтайында Батыс Қазақстандық бизнестен 4 делегат өкілдік ететін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер