«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы ынтымақтастықтың формасы. Жалпы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мемлекеттік органдар мен түрлі саладағы кәсіпкерліктің өзара тиімді ынтымақтастығы болып саналады. Тиісті келісімшарт арқылы мемлекеттік жауапкершілігі тәуекелді, табыс пен шығынды, құқық пен міндетті бөлудің теңдестірілген жағдайында болады.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің мақсаты –қоғамдық игілік пен қызметтердің сапасы мен қолжеткізілу деңгейін арттыру үшін ресурстарды біріктіру арқылы мемлекет пен жеке меншік сектор арасында ұзақ мерзімдегі ынтымақтастықты қалыптастыру және нығайту.

Міндеттері:

  • Жеке меншік секторды мемлекеттің активтеріне қатыстыру

  • Бюджетке түсетін ауыртпалықты азайту

  • Инвестиция тарту

  • Мемлекет пен бизнестің өзара байланыс үлгісін кеңейту.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер