«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП «СT-KZ» нысанды 15 сертификаттың күшін жойды

2015 жылғы 03 Қыркүйек
11091 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тауардың шығу тегі туралы жалған сертификаттарды қайтарып алуда

ҰКП-ға 43 кәсіпорындағы жалған өндіріс дерегі бойынша (шетелдік өнімді отандық өндірісте шығарылған деп импорттау) «СT-KZ» нысанды бұрын берілген сертификаттарға ішкі аудит жүргізуді сұрап өндірушілер мен кәсіпкерлер қауымдастықтарынан 29 өтініш түскен.

ҰКП сарапшылары шағымдар негізінде 15 кәсіпорында аудит жүргізу мақсатында жолға шықты. Тексеріс қорытындысы бойынша «СT-KZ» нысанды 15 сертификаттың күші жойылды. 9 кәсіпорын ішкі аудит өткізу туралы хабарлама алған соң өз еріктерімен сертификаттардың күшін жою туралы өтініш берген. Кәсіпорындардың бірінде «СT-KZ» нысанды сертификат ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің ұйғарымымен күшін жойды.   

2014 жылғы 12 шілдеден бастап тауардың шыққан тегі туралы сертификаттарды ресімдеу және куәландыру қызметінің Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілгенін еске саламыз. Биылғы жылдың маусым айынан бастап ҰКП сонымен қатар тауардың шыққан тегі туралы бұрын берілген «СT-KZ» нысанды сертификаттарына ішкі аудит жүргізумен де айналысады.

Ұлттық палата осыған орай салалық қауымдастықтардың құзырлы сарапшыларының және түрлі өңірлердегі «Ақ Жол» партиясының қоғамдық өкілдерінің (сарапшылар пулы) тізімін даярлады. Олар ішкі аудит жүргізу кезінде техникалық сарапшылар ретінде тартылатын болады.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірге тексерістер кестесі жасалды. Жақында 27 кәсіпорынның «СT-KZ» нысанды сертификаттарын тексеру жоспарланып отыр.

Бірлескен комиссия қазір Өскемен қаласындағы «Үлбі Электро» ЖШС-на сапармен шықты. Онда «Тауардың шығарылған жерін айқындау, тауардың шыққан тегі туралы сертификат беру жөніндегі ережелер» талаптарына сәйкестікке ішкі аудит және тауардың шыққан тегінің «СT-KZ» нысанды сертификатында көрсетілген деректердің дәйектілігіне тексеріс жүргізіледі.

Ішкі аудит жүргізу жөніндегі сараптау комиссиясының құрамына ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, Қазақстанның Машина жасаушылар одағының өкілі, «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС директоры Марат Баққұлов, Машина жасау және металл өңдеу комитеті Хатшылығының 1 санатты сарапшысы Алексей Захаров, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Оксана Желякова, «Қазақстан блогерлерінің альянсы» Қоғамдық бірлестігінің өкілі, «AS STROY HOLDING» ЖШС Директоры Жанна Ильичева,  «Ақ жол» партиясының мүшесі Бүркіт Сұлтанов кірді.

Сараптау комиссиясы өндірістік база болуын (мәлімделген тауар өндірісі тұрған орын, негізгі және өндірістік тауарлардың құрамы мен шығарылған жері (жеке меншіктегі, жалға алынатын ғимараттар, жабдықтар) тексеру үшін Үлбі-Электро» ЖШС өндірісін тексереді. Комиссия сонымен қатар өндіріс пен жабдықтардың технологиялық процесімен танысып, тауардың сыртқы белгілері, «СT-KZ» нысанды сертификаттарда көрсетілген түрлі типтегі батпалы ұңғымалық сорғылардың таңбалануы бойынша (атауы, типі, орамасы, санаты, әзірлеуші кәсіпорын) тауарды сәйкестендіруді жүргізбекші.

«Үлбі-Электро» ЖШС-да өткізілген ішкі аудит нәтижелері туралы ақпарат ҰКП сайтына салынады.

Сарапшылар пулына тартылған тұлғалар тізбесімен мына жерде танысуға болады.

«Атамекен» ҚР ҰКП ішкі аудит жүргізу тәртібімен мына жерде танысыңыз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер