Ауыл тұрғындары «Бастау Бизнес» жобасын меңгеруде
Батыс Қазақстан облысы жұмыссыздар мен жұмыспен өзін-өзі қамтығандар кәсіпкерлікке машықты анықтайтын тестілеуден өтуде
«Бастау Бизнес» жобасы «2017-2021 жылдарына арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр.
Айта кетелік, Батыс Қазақстан облысы бойынша жоба Қазтал, Жанғала, Ақжайық, Зеленов, Теректі аудандарында өтіп жатыр. Бүгінде бұл аудан орталықтарына бизнес-тренерлері де келді, үйлестірушілер жұмысқа алынып, сабақ өтетін орындар анықталды, бір сөзбен айтқанда, ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауыл тұрғындары жобаға қатысуға асық.
«Мен бұл бағдарлама туралы естігенімде қатты қуандым. Мен уй шаруасындағы келіншекпін. Бұл тегін жоба ауыл тұрғындарына жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Бізден 350 шақырым қашықтықта жатқан қалаға бармай-ақ, білімімізді ауылда толықтыруға жағдай жасалып жатыр. «Бизнес-Кеңесші» жобасы туралы да естігенім бар, бірақ олар тым тез аяқталып кетеді. Ал жаңа жобаға тестілеуден өтсем қуана қатысамын», – дейді Әжбай ауылы Қазтал ауыданы тұрғыны Арай Батырханова.
Бүгінде Қазтал ауданы бойынша жобаға қатысуға 32 өтінім түскен. Ниет білдіргендер тестілеуден өтеді. Ал Жанғала, Теректі мен Зеленов аудандарында тест тапсыру науқаны басталып кетті. Жалпы тестілеуден 90 адам өткен. Ақжайық ауданында тестілеуге 45 адам өтінім берген.
«Әр лекке 30 күн сабақ қарастырылған. Осы кезеңде қатысушылар 12 модульді құрайтын семинарлардан өтеді. Мақсатымыз – бизнес ашуға себеп болатын қызықты тренингтер өткізу, тиісті заңнамалармен таныстыру, маркетингтік стратегияны оқыту, бизнестің негізгі бағыттарымен таныстыру болып табылады. Бастысы қатысушылар бизнес-жоспар құруды, кәсіпкер ретінде ойлауды үйренеді», – деді Ақжайық ауданына қарасты бизнес-тренер Әсемгүл Кадырхан.
Жыл аяңына дейін БҚО бойынша 900-950 тұрғынды оқыту жоспарланып отыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: