«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өзгерістер күтілуде! Сапаның көрсеткіші болатын байқауларды бизнес қолдануы тиіс

2018 жылғы 15 Наурыз
10929 просмотров

«Атамекенде» «Алтын Сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын ұйымдастыру бойынша тренинг өтті

«Атамекен» алаңында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын өңірлерде ұйымдастыруға жауапты және «Алтын Сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алуға қатысушылар өтініштерін қабылдау мен сайысқа қатысу материалдарын жинақтайтын Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен тренинг өткізілді.

«Еуропада өткізілетін сайыстарда әрбір 3 жыл сайын өзгерістер енгізіліп немесе жаңартылып отыру қағидат болып қалды. Ұлттық палата «Алтын Сапа» байқауына елеулі өзгерістер енгізуді ұсынып, талқыланудың нәтижесінде Елбасының Жарғысы бекітілді. Байқау ашық жүргізілетін болмақ. Өңірлердегі кәсіпорындарды зерттеу, онлайн дауыс беру, тәуелсіз сарапшылар тобын құру сынды өзгерістер енгізілді», – деп мәлімдеді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры Салтанат Әбдікәрімова.

Семинарды ұйымдастырушылардың айтуынша, «Атамекеннің» басты мақсаты байқауды үнемі жетілдіру, себебі, Ұлттық палата әрдайым бизнеспен тығыз жұмыс істеу арқылы кәсіптік саланың басты қажеттіліктерін жақсы біледі.

«Жергілікті ресурстарды қолдану арқылы тауарлардың маркенингі мен брендингі» бағдарламасы бойынша өткен Жапониядағы тағылымдама барысында кәсіпорындар мен салалық жұмыс бағыттарын сараптай, қазақстандық және жапондық байқаулардың сапасына байланысты айтарлықтай айырмашылықтар байқалады. Белгілі бір гүлді өсірген үшін Жапонияның Ауыл шаруашылық министрінің қолынан марапатталатын сайыстардан бастап, Деминг жүлдесі сапаның жоғары дәрежесін айқындайтын ұлттық байқау сынды әртүрлі», – деді Салтанат Әбдікәрімова.

Осы сынды тәжірибелерді сараптап, Ұлттық палата «Алтын Сапа» байқауын да аталмыш тәсілдерді қолдана жетілдірудің жобасын дайындап, ҚР Президентінің әкімшілігіне ұсынуды жоспарлауда. «Атамекен» өңірлерден бизнестің өзінен ұсынысды жинап, талдауға дайын.

«Байқауды Жапония сынды тауарды таныту мен өткізуге қолдау көрсететін құрал ретінде қарастыру қажет. Бір жағынан байқауға қатысу арқылы компаниялар бұқарадан кері байланыс алып, екінші жағынан кәсіпорындар танымалдылыққа ие болып, сәйкесінше нәтижесінде тауарға деген қажетті сұранысты қалыптастырады», – деді Салтанат Әбдікәрімова.

«Атамекен» өңірлер мен қауымдастықтардың бірінші кезектегі міндеті жаңа өнеркәсіптерді ашу ғана емес, дайын өнімді таныту екендігіне сенімді.

Еске салсақ, 2018 жылдың қазан айында ҰКП «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын ұйымдастырады және  сол уақытта шағын бизнес үшін техника мен технология алып келуді біз ұсынған шетелдік компаниялардың көрмесі өтеді. Іс-шараның мақсаты – тәжірибе алмасатын алаң ұйымдастыру, өндірушілер арасында серіктестік қатынастарды орнықтыру.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов қауымдастықтар арасында байқауды дәріптеуді күшейту туралы айтты.

«Барлық ұйымдар байқауға өз саласының ішінде қатысып, содан соң салалық қауымдастықтар ең үздік деген компанияларды «Алтын Сапаға» қатысуға ұсынса, абзал болар еді. Байқау үздік кәсіпорындарды таңдаудың соңғы кезеңі болады. Сайыстың едәуір қиын және қатысушылары таңдау талаптары өте жоғары. Салалық байқаулар кәсіпорындар үшін шынығудың тәсілі болмақ. Маңызды тұсы: салалық қауымдастықтардың өздері ұйымдастырушы болады. Өңірлік байқаулар облыстың басым салалары бойынша өткізіледі», – деді Елдос Рамазанов.

Ұлттық палатаның ойынша, Қазақстан тұтынушылар одағының атынан Светлана Романовская тәжірибесі өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне және Азат Әбдрахманов басшылығымен Қазақстанның сапа және инновациялық менеджмент қауымдастығы қазақстандық экспортқа бағдарланғанды қолдау бойынша жұмыс ескерілу қажет.

«Біз өзіміздің тауар мен кәсіпорындарымызды тек ішкі нарыққа ғана емес, сыртқа да шығарып, импортты алмастыру мен бәсекелестікке жұмыс істеуіміз керек. «Атамекен» жетілдіру бойынша бизнестен ұсыныстар күтеді және осы жұмыста өңірлерді белсенді атсалысуға шақырамыз», – деп түйді Елдос Рамазанов.

«Атамекеннің» жұмысы мұнымен тоқтамайды, байқауға жаңашылдықтарды енгізу туралы ҚР Президенті Жарғысының қабылдануынан кейін ережелерге өзгерістер енгізіліп, ҚР Үкіметінің қаулысымен құжаттарды бағалау Әдістемесіне бекітілетін болады.  Не себепті «Алтын Сапа» байқауын бағалау Әдістемесі 2009 жылғы Еуропалық сапа және менеджмент қорының үлгісінде жасалып, оларда үлгі 2013 жылдың өзінде өзгерістерге ұшырады. Сол себепті, 2018 жылы байқау бізде де өзгерістерге ұшырайтын болады.

Сонымен қатар, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «ҰБХ «Бәйтерек» Акционерлік қоғамымен «Алтын Сапа» байқауының жеңімпазын ұлттық чемпиондар қатарына қосу бойынша ұсынысты талқылауда. Республиканың үлкен қалаларының облыстық әкімшіліктерінде көрсетуге арналған дүкендер ашу ұсынысын Ұлттық палата дайындауда. Бұл уақытта жергілікті әкімшіліктер өңірлік тауарды басқа аймақтарға тарататын болады. Аталмыш дүкендердің форматы алуан түрлі болуы мүмкін (шоу-рум, көрме, тікелей сатылымдар және т.б). Алайда, бұл дүкендер үнемі жұмыс істейтін болуы тиіс.

Сондай-ақ, өңірлерді бренділеу үшін сапалы қазақстандық тауардың танымдылығын өсіру мақсатымен тауарлардың шығарылған жерін жинақтайтын Жүйе қалыптастыру ұсынылуда.

Еске салсақ, сәуір-мамыр айларында Қазақстанның барлық өңірлерінде «Атамекеннің» сарапшылары «Алтын Сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысуға байланысты іріктеудің барлық қыр-сырын талқылайтын семинар өткізеді.

Анықтама үшін:

Тренингтің бағдарламасына төмендегі мәселелер қарастырылды:

  • Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсына, лауреаттарын таңдауда жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-байқауындағы Ережелердегі жаңашылдықтар;
  • Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығының жаңа әдістемелік сипаттамасының жобасы;
  • «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздiк тауары» байқауларының құжаттарын рәсімдеуде тәжірибелік талаптар;
  • Сарапшыларға кәсіби талаптарды талқылау және эксперттер Реестрін жүргізу;
  • Байқаудың іс-шаралар Жоспарымен танысу және медиа-жоспар;
  • www.altynsapa.kz сайтының жұмысына нұсқаулық (өтінім және байқау құжаттарын электрондық форматта беру);

Осылайша ендігі уақытта өңірлерде кеңес беріп, өңірлік кәсіпкерлер палатасы деңгейінде байқау материалдарын кәсіпкерлерден қабылдау үшін мамандар бар. Өтініштерді дайындау мен ұсынуға байланысты барлық сұрақтар бойынша кәсіпкерлер Өңірлік кәсіпкерлер палатасының уәкілетті қызметкерлеріне жүгіне алады.

Еске салсақ, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталатыны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес байқаулар жыл сайын өткiзіледі.

Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Мемлекеттің қатысу үлесі 50 %-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар байқауға қатыса алмайды.

Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2018 жылғы 1 шілдеге дейін өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе www.altynsapa.kz сайтында электронды нұсқада

Байқауға қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерiне сәйкес өтінім мен материалдарды (есептерді) тапсыруы тиіс.

Байқау бойынша толық ақпаратпен www.altynsapa.kz сайтында танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер