«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бизнес­–Өсу»: кәсіпкерлер білім жетілдіруге дайын

2018 жылғы 20 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
7023 просмотров

Батыс Қазақстан кәсіпкерлер палатасында «Бизнес – Өсу» курсы оқытылды

Курсқа тіркелген әрі «Бизнес – Кеңесші» курсында білім алған кәсіпкерлер қатыса алады. Өңірде жұмыс істейтін 15 кәсіпкер қатысуға өтінім білдірген. Олардың айтуынша, алғашқы сабақтың өзінде-ақ білім толықтырып, жаңа бизнес-байланыс орнатқан.

Назгүл Кулешованың кәсіпкерліктен хабары бар. Ол алдымен «Бизнес – Кеңесші» курсын оқыды, енді білімін «Бизнес – Өсу» арқылы жалғастырып отыр. Ол балалар киімін сататын дүкен мен туристік агенттіктің жұмысын жүргізеді.

«Осы бизнес курсын аяқтаған әрбір кәсіпкер бизнес саласында айтарлықтай жетістікке жететініне сенімдімін. Мемлекетке және Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасына осындай мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын», ­- деп ой бөлісті Назгүл Кулешова.

Кәсіпкерлер палатасының кәсіби бизнес-жаттықтырушылары сабақ береді. Солардың бірі Зульфия Халелова сабақ барысында кәсіпкерлердің жұмысында кездесетін нақты мәселелер мен жағдайларды қарайтынын айтты. Білім бизнесті өрістету негіздеріне арналған, бұл кәсіпкерге жобаның барлық кезеңін кәсіби түрде жүргізуге әрі мақсатына жетуге мүмкіндік береді.

Еске салсақ, «Бизнес – Өсу» курсы «Бизнес – Мектеп» жобасының және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» атты 4-бағытының аясында ұйымдастырылады. Бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету операторы – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

«Бизнес – Мектеп» жобасында кәсіпкерлерге арналған бірнеше оқу курсы бар. Біріншісі – «Бизнес – Кеңесші» – кәсіпкерлер бизнес жүргізу негіздерін үйренеді. Бұл курсты тәмамағандар «Бизнес – Өсу» курсын оқи алады. Үшінші кезең – жетекшілік қағидасын қолданатын жобалық оқыту. Алғашқы оқытылған екі кезеңнен кейін тыңдаушылар бағыттар мен жобаларға қарай топтастырылады. Кәсібін енді бастағандарға осы өңірде жүзеге асыруға болатын бірнеше шағын жоба беріледі.

Экономиканың барлық секторында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерін оқыту тегін жүргізіледі.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер