«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Өңірлік кеңестің мақсаты мен міндеті

БҚО кәсіпкерлер палатасы жанынан Өңірлік кеңес құрылып, қызмет жасауда. Өңірлік кеңес кәсіпкерлер палатасының бақылаушы органы болып табылады, оның құрамында облыстың 14 белгілі кәсіпкерлер бар.

Өңірлік кеңес төрағасы - «Конденсат» компаниялар тобы» Консорциум Кеңесінің төрағасы Валерий Джунусов. Бақылау және атқару органдарының тиімді өзара іс-қимылы үшін аймақтық палатаның тиісті комитеттері мен кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі құрылды. Бұл органдардың басшылығына Өңірлік кеңес мүшелері, өңірге таңымал кәсіпкерлер тағайындалған.

 «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңына сүйене отырып, Өңірлік кеңес өз қызметін кәсіпкерлік субъектілерінің шаруашылық талаптарын жақсарту мен  өзекті мәселелерін шешуге бағыттаған, ал кәсіпкерлер палатасының дирекциясы - бизнес ортада туындаған нақты мәселелерді шешіп отырады. Өңірлік кеңес бизнестің бірқалыпты қызмет жасауына басты көңіл бөлуде. Осы мақсатта Өңірлік кеңестің барлық мүшелері билік органдары жанындағы әртүрлі құрылымдардың жұмысына белсене қатысуда. Олардың ішінде «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша Үйлестіру кеңесі, облыс Әкімі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша сарапшылар кеңесі, облыстық сот және прокуратура жанындағы қоғамдық кеңестер, жаңа іс бастаған кәсіпкерлерге грант бөлу жөніндегі комиссия және өзге де осылар сынды ұйымдар бар.

Серіктестер