«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еңбек кодексі: жағымды және жағымсыз тұстары

2015 жылғы 09 Қыркүйек
- Жетісу облысы
11855 просмотров

Еңбек Кодексі жобасы жұмыс берушіге жүктемені көбейтетін бірқатар нормалардан тұрады, бірақ мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа тұрғызуды жеңілдететін нормалары жоқ

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен Талдықорған қаласында өткізілген семинар мүмкіндігі шектеулі адамдар еңбегін реттеу және еңбек шарты ерекшеліктеріне арналды.

Семинарға қоғамдық ұйымдар көшбасшылары, Кәсіпкерлер палатасы өкілдері, кәсіподақтар, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік қатынастар басқармасының мамандары қатысты. Әлеуметтік әріптестік әлеуметтік-еңбек саласында туындайтын көптеген қайшылықтарды шешуге сеп болады.

Қазірде ҚР Еңбек кодексінің жобасы талқылауға шығарылғаны белгілі. Семинарға қатысушылар жаңа енгізілімдерді айтарлықтай қызу талқылады.

«Заңнамалық актілерге жас мамандар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау жағынан жақында енгізілген түзетулер жаңа еңбек кодексі жобасында көрініс таппаған және осы алаңдатып отыр», -  деді «Мейірім» Қоғамдық бірлестігінің басшысы Анатолий Мигай – «Заң жобасының І және ІІ топ мүгедектері үшін қосымша демалыс ұзақтығын оны ұжымдық шарттар аясында көбейту мүмкіндігімен 6 күнтізбелік күнге дейін қысқартуды ұсынып отырғаны алаңдатады».

«Парламент қарауында жатқан «Халықтың жұмысбастылығы туралы» Заң жобасында жұмыс берушінің арнайы жұмыс орындарын құрумен жұмыскерлердің жалпы санынан 2-4%  мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа қабылдауға квотаны орындауын міндетті етіп белгілеуді көздейді. Сонымен бірге жұмыс берушінің арнайы жұмыс орнын қажет жабдықтармен жабдықтауға кететін шығынын мемлекеттің субсидиялауы ұсынылады. Жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және кәсіподақ арасында бөлу арқылы жұмыс берушінің белгілі бір жүктемесін төмендету мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа тұрғызу мәселесін шешуге сеп болады» - деп түсінік берді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Алмагүл Оңғарбаева.

Қатысушылар сұрақтарына тәжірибелі заңгер Ғазалиев Әмір жауап берді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың күнделікті ұшырасып отыратын түйткілдерін анықтаған сауалнама нәтижелері ұсынылды. Олардың бірі еңбек құқығын іске асыру болып табылады.

Кездесу әлеуметтік әрептестіктегі маңызды тараптар ретінде жұмыс берушілер, кәсіподақтар мен мемлекеттің тығыз әрекеттестігі қажет екенін тағы бір рет көрсетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер