«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Біз басқа өңірлерге кетуге мәжбүр боламыз!

2015 жылғы 09 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
11889 просмотров

Кәсіпкерлер кедендік төлемдерді түзету мәселесін көтерді

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған кедендік құнды талқылау жөніндегі дөңгелек үстелде импортталатын тауардың кедендік құнын түзету туралы сөз болды. Бұл кездесуді СЭҚ қатысушы кәсіпкерлердің өздері БҚО бойынша Мемлекеттік табыс департаменті қызметкерлерінің кедендік төлемдер мен салықтардың түзету сомасын қамтамасыз етумен қосымша тексеріспен КТТ (кедендік төлемді түзету) жағдайлары жиілеп кетуі салдарынан бастамалаған еді.

Бұған дейін БҚО екі компаниясы БҚО Кәсіпкерлер палатасы көмегімен мәлімделген құнды растайтын құжаттарды ұсынып, осылайша КТТ тексерісінен құтылған болатын.

«Бұл дөңгелек үстелді кәсіпкерлердің БҚО аумағына тауар әкелген кезде мәлімдеген кедендік құнды тексеру кезінде Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының талаптары туралы егжей-тегжейлі түсіндірулер алуы үшін өткізіп отырмыз», - деді БҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұрлан Қайыршин.

БҚО бойынша Мемлекеттік табыс департаменті басшысының орынбасары Нұрболат Абдулов: «Кедендік құнды түзету тауар бағасына тәуекел бейінінің қосылуы нәтижесінде жасалады, онда бағдарлама нұсқалатын бағаны беріп, мәлімделген құнды растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда КТТ жасалмайды», - деп түсіндірді.

«Біз өңірге Польшадан алма әкелеміз. Польшада алманың құны 37 цент тұрады, ал тәуекелді басқару жүйесі 52 цент деген бағаны береді. Құнды түзетудің неге бұлай жасалатынын білгім келеді. Айтпақшы, неліктен екені белгісіз, түзетуді жасауға тек қана Оралда мәжбүрлейді. Егер осылай жалғаса беретін болса, біз – сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын кәсіпкерлер Оралда жұмыс жасамай, басқа өңірлерге кетуге мәжбүр боламыз. Бізде Польшада алманың құны 37 цент тұратыны жайлы құжаттардың барлығы бар, неліктен тәуекелдерді басқару жүйесі түзетуді 52-ге дейін жасайды, ал Әзербайжан алмалары одан да арзан - 19 центтен. Оны ТБЖ 48 центке түзетеді. Біздің жұмыс жасауымыз тиімсіз болып барады», - деді "Хан-Тау" ЖШС директоры Азизига Аббасов.

«Желаев нан өнімдері комбинаты» ЖШС менеджері де осындай түйткілді баяндады. Кедендік құнды түзетуді болдырмау үшін, компания үшін келетін жүк Мәскеуде кедендік ресімдеуден өтіп, сосын Оралға жеткізіледі, сәйкесінше, барлық кедендік төлемдер мен салықтар РФ аумағында төленеді. 

«Кәсіпкерлер мұндай түзетулермен келіспеуге құқылы және тауар құнын дәлелдейтін құжаттарды ұсынуға тиіс», - деп жауап берді БҚО бойынша МТД басшысының орынбасары.

Оған Палатаның сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің басшысы Эльмира Өтешева шынайы сатып алу құнын декларациялаған кездің өзінде бағдарламаның көтеріңкі баға көрсететін жағдайлар да болатынын айтып, қарсы шықты. Ал қосымша тексеріс тағайындалғанда кәсіпкерлер түзету сомасын сақтандыруға және жеткізушісінен қосымша құжат сұратуға уақыт жоғалтпау үшін, түзетуді жасауға келісе салады да, сәйкесінше, қосымша кедендік төлемдер мен салықтарды төлейді. «Және де қазіргі барлық сатып алу-сату келісімшарттары АҚШ долларымен жасалатын, теңге бағамының еркіндігі жағдайында кәсіпкерлер аса қиын жағдайға тап болып отыр», - дейді Эльмира Өтешева.    

Палата пікірталас барысында «Хан тау» ЖШС мен барлық СЭҚ қатысушы кәсіпкерлерге келесі сатып алу кезінде жөнелтуші елдің Сауда-өнеркәсіп палатасынан тауардың экспорттық бағасын растайтын құжатты, банктен тауардың осы топтамасы үшін ақша аударуға жасалған өтінішті, экспорттық кеден декларациясы мен прайс парақты сұратуды ұсынды. 

Аталмыш тақырып бойынша көптеген толғақты сұрақтар қойылды. Кәсіпкерлерді барлық жауаптар бірдей қанағаттандырмаса да, олар бұл тақырыптың көтерілгеніне және талқыланып, түйткілді шешу нұсқалараның ұсынылғанына риза болды.

СЭҚ қатысушы кәсіпкерлер Кәсіпкерлер палатасы алаңында ҚР және КО заңнамасына жасалған жаңа енгізілімдерден хабардар болуға мүмкіндік беретін мұндай іс-шаралардың үнемі өткізіліп тұратынын баса көрсетіп, алғыстарын білдірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер