«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық дәрі-дәрмек өндірушілердің сатып алулардағы үлесі аз

2016 жылғы 17 Наурыз
- Алматы қаласы
8282 просмотров

Дәрігерлерді отандық өндіруші тауарларын сатып алуға шақырды

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы қалалық Денсаулық сақтау басқармасымен және Алматы қаласы Кәсіпкерлік пен индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесе отырып көрме түріндегі конференция ұйымдастырды. Оған тиісті тауарлар мен қызмет түрлерін ұсынатын дәрігерлер мен кәсіпкерлер қатысты. Кең ауқымды шара оңтүстік астанадағы ең ірі емхана – №12 Орталық қалалық клиникалық аурухана базасында өтті.

Алматыдағы 86 аурухана, клиника, емхана мен жекеменшік медициналық орталықтардың бас дәрігерлеріне соңғы шыққан қазақстандық өнімдер ұсынылды. Олар: тесттер мен өлшеу приборлары, медициналық жабдықтар, препараттар мен пациенттерге арналған тауарлар, кәсіптік шығын материалдары, бірреттік киім (жиынтық, маскалар, бахилдер), дезинфекциялау құралдары, жұмыс киімдері мен мамандандырылған киімдер.

Таныстырылымға  «КАЗ-ДИА-ТЕСТ» ЖШС, «Аврора» өндірістік кешені» ЖШС, «JULDYZ KENAN» ЖШС, «Dolce және Dolce farm» фармкомпаниясы, «Lindström» ЖШС, «ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу қауымдастығы» ЗТБ, «ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы» ЗТБ және өзге де компаниялар қатысты.

«Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы 2015 жылдың 19 қарашасында республикада бірінші болып жергілікті құрам мониторингі жөніндегі Комиссия құрды. Мұндай міндетті «Атамекен» басшылығы барлық өңірлік бөлімшелер алдына қойды. Бұл уақыт аралығында Комиссия Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Әукеновтің, Алматы қаласы Әкімдігі басқармасы басшыларының және құрылыс, денсаулық сақтау, энергетика мен коммуналдық шаруашылық салаларындағы кәсіпкерлердің қатысуымен  отырыстар өткізді. Біз бұл көрме-конференция тапсырыс берушілер мен жеткізушілерге арналған ыңғайлы келіссөздер алаңына айналады деп сенеміз. Бүгін біраздарыңыз өзара тиімді екіжақты келісімшарттарға отырады деп сенеміз»,  деді конференция қатысушыларына Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов.

«Дәрілік заттар мен медициналық өнімдер жөніндегі біздің сатып алулардағы қазақстандық үлес бар-жоғы 10,4%-ға тең. Мұның себебі белгілі. Жыл өткен сайын медицинаның құны артып келеді, жаңа технологиялар енуде. Отандық компаниялар дами түседі, болашақта сатып алулардағы қазақстандық үлес 45-50%-ға жетеді деп сенеміз», – деді «Орталық қалалық клиникалық аурухана» Шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК бас дәрігері Марат Абдуллаев. Науқанның экономикалық түсім жағдайындағы маңыздылығы мен дәл уақытында орындалуын кәсіпкерлердің өздері де айтып отыр. «Біз сіздердің сатып алуларыңызға жедел-тесттер ұсынып отырмыз, бұл талдауларды жинауға арналған құрылғы. Жұқпалы аурулардың диагностикасының нақтылығы 99,6% деңгейде. Ірі тапсырыс берушілерге арнап тиімді жеңілдіктер жүйесін, оның ішінде төлемді кейінге қалдыру механизмін ұсынып отырмыз», – деп мәлімдеді «КАЗ-ДИА-ТЕСТ» ЖШС өкілі Күлбаршын Жиембаева.

«Біздің компания жоғары сапалы катетерлерді, асқазанға арналған зондтар, жаңа туған сәбилерге арналған білезіктер және өзге де медициналық өнімдерді ұсынады. Барлығы 56 түрлі өнім. Біз денсаулық сақтау мекемелерімен ынтымақтастықтың кез келген түріне риза боламыз», деген ұсыныс тастады «JULDYZ KENAN» қазақстандық компаниясы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және қала кәсіпорындары сатып алуларындағы қазақстандық үлестің артуына септігін тигізеді. Бұл міндет отандық тауар өндірушілерін қолдауға бағытталады және Елбасының мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және жер пайдаланушылардың сатып алуларындағы қазақстандық үлесті қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес келеді және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының, еліміздің әлемнің жоғары дамыған отыз мемлекеті қатарына ену жөніндегі «Қазақстан-2050» Стратегиясының орындалуын көрсетеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер