«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық түсімдері азайды

2016 жылғы 08 Маусым
8408 просмотров

Табыс  және ішкі салықтарды  жинау мемлекеттік бюджет берешегінің көлеміне әсер етті

Мәжілістің Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің мүшелері мемлекеттік бюджеттің берешегі едәуір көлемді екендігін тіркеді. 2016 жылдың 1 қаңтарына қарай берешек 85,3 млрд теңгені құрады, берешектің негізгі көлемі – 73,5 млрд теңге (86,2%) табыс және ішкі салықтарға тиесілі деп атап өтілген 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің есебіне берілген түсіндірме жазбада.

Мәжілістің профильдік комитеттері мүшелерінің пікірінше, кірістің 105,7%-ға немесе 330,2 млрд теңгеге жоспардан жоғары атқарылуы «республикалық бюджеттің кіріс бөлімінің жоспарлық көрсеткішін 6 745 млрд теңгеден кіріс бөлімінің параметрлеріне дейін төмендету есебінен қамтамасыз етілген, ал оның бастапқы көрсетілген деңгейінде кірістердің атқарылуы 91%-ды құраған».  

Есеп комитетінің деректері бойынша, 2014 жылмен салыстырғанда салық түсімдерінің сомасы 333,2 млрд теңгеге, немесе 7,7%-ға төмендеді, бірақ бұл ретте трансферттердің түсімі 529,2 млрд теңгеге немесе 7,3%-ға ұлғайды, деп атап көрсетілген жазбада. Осылайша, республикалық бюджет кірісінің үлесі ЖІӨ трансферттерін қоспағанда, 2014 жылға қарағанда 0,7%-ға төмендеген.

Мәжілісте КТС бойынша жоспардың асыра орындалуына доллардың еркін бағамына өту, сондай-ақ алдағы кезеңдердің төлемақылары есебінен аванс беру ықпал етті деп атап көрсетілді. Бұл ретте, депутаттардың мәліметтері бойынша, корпоративтік табыс салығы (КТС) түсімдері 2015 жылдың желтоқсан айында ғана 100 млрд теңгеден астам соманы құрады. 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша КТС бойынша артық төлемақы 200,5 млрд теңгені құрады, бұл, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 54 млрд теңгеге көп. Мемлекеттік бюджет берешегі көлемінің артуы сақталуда,  ол 2016 жылдың 1 қаңтарына қарай 85,3 млрд теңгені құрады, берешектің негізгі көлемі – 73,5 млрд теңге табыс және ішкі салықтарға тиесілі.

Түсіндірме жазбада салықтық түсімдердің төмендеуі – салықтық және кедендік әкімшілендірудің жеткілікті дәрежеде тиімді жүргізілмеуінің салдары делінген.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер