«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тынығуға барлық жағдай жасалды

2016 жылғы 08 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
7882 просмотров

СҚО Айыртау ауданының кәсіпкері Роза Ақышева Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020 аясында туристік бизнесті дамытуға несие  алды

Доллардың өсуіне қарай шетелдік жазғы турлар да қымбаттады, соған орай жергілікті жерлердегі демалыс орындарына келушілер көбейді. Бұл саладағы бизнесмендердің ендігі басты мақсаты – тұрақты клиенттер тарту үшін  барынша мол ыңғайлы, қолайлы жағдай жасау.

Туризм саласында талай жыл тынымсыз еңбек еткен бизнесмен әйел Роза Ақышева үшін  жұмыстың мұндай  тәсілін жетік меңгерген. Сондықтан ол өз ісін кеңейтіп, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру үшін бизнесті қаржылық қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдаланбақшы болды. Осы мақсатта ол Айыртау ауданының Кәсіпкерлерді қолдау орталығына өтініш білдірді.

«КҚО  мамандары кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың  ықпалды шаралары жөнінде кеңес берді. Сонымен қатар мақсатына сай келетін «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын таңдадық, құжаттар жиынтығын жинадық және оны комиссияға тапсырдық.  Нәтижесінде кәсіпкер несие алды, соның арқасында дем алуға арналған үйлерді қайта құрды, оларға жаңа тұрмыстық техника, теледидар, тоңазытқыштар, шағын толқынды пештер  алды», – дейді СҚО КП Айыртау аудандық филиалының директоры  Данияр Қалымов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер