«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тон бағасы қымбаттайды

2016 жылғы 08 Тамыз
11695 просмотров

Келесі жылдың 12 тамызынан бастап таңбаланбаған табиғи теріден жасалған бұйымдарды ЕАЭО елдері аумағында сатып алуға және сақтауға тыйым салынады

Бұл – тонды чипсіз сатып алу мүмкін болмайды деген сөз. ЕАЭО елдері арасында ратификацияланған жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау туралы келісімнің шарттары осындай. Таңбалаудың мақсаты – тері бұйымдары нарығын «көлеңкеден» шығару. Нарық қатысушыларының бағалауынша, бүгінгі таңда осы саладағы көлеңкелі экономиканың көлемі 70-85% екен. Қымбат тұратын тері бұйымдарын бүгінде кез келген адам кез келген елден алып келе алады. Чип енгізгеннен кейін салық органдары контрафактінің жолын кесіп, бюджетті де толтырады.

Қазақстандық бизнес мұндай жаңалыққа дайын ба? Таңбалауды енгізу көрші елдерден келетін контрабанданың жолын кесуге мүмкіндік бере ме? Мұндай шаралар тұтынушыға қалай әсер етеді?

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худованың пікірінше, тауарды Қазақстан Республикасына кіргізудің қазіргі жүйесінде таңбалау жүйесін енгізу контрабанда ағыны мен сапасыз өнімді азайтуға мүмкіндік береді деген болжам негізсіз. «Біріншіден, аталған таңбалау өнімнің сапасына ешқандай қатысы жоқ, ал контрабандаға келер болсақ, заңды өндірушіге ауыртпашылық түсіреміз, одан басқа түк те емес. Бұл шара тиімсіз әрі контрабанда ағынын азайтуға да, сапасын жақсартуға да әсер етпейді», – деп мәлімдеді ол. Худова келтірген мәліметке сәйкес, Қазақстан Республикасының тоқыма және жеңіл өнеркәсібі ішкі нарықтағы сұраныстың 14%-ын ғана қамтамасыз етеді.

«Негізінен, өнім импорт бойынша келеді, ал оның көп бөлігі контрафактілік және контрабандалық. Ішкі нарықта жеңіл өнеркәсіп өнімдерін, соның ішінде  Кедендік комиссияның 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №876 шешімімен бекітілген, Кедендік одақтың «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (әрі қарай – 017/2011 жылғы КО ТР) 017/2011 жылғы КО ТР техникалық регламенттері нормаларының сақталуын  бақылайтын жүйе жоқ. Декларациясыз тасымалдау мен олардың түрлеріне (экономикалық операторларды) тыйым салу, жеке тұлғалардың декларациясыз жеңілдетілген тәртіпте тасуына тыйым салу, кіргізілетін тауарларды бақылауға арналған зерттеу зертханаларын құру  сияқты шаралар салаға нақты көмек болар еді», – деді ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының басшысы.

Қазақстандық бизнес жобаны енгізуге қаншалықты дайын, оның мүмкін салдарлары қандай?

Осы сұрақтарға жауап бере отырып, Любовь Худова «кедендік органдардың ұстанымы шекарадан өткенге дейін міндетті таңбалау» керек екенін атап өтті. «Яғни импорттаушы өнімді шетелдегі шығарушы зауытта таңбалауға міндетті. Белорустық және ресейлік тараптардың бастамасы бойынша комиссияның ұсынғаны – қозғалыстың әр кезеңінде (өндірістен бастап көтерме және бөлшек саудаға дейін) белгілеуден өтуі тиіс әр тауар «электронды акциздік таңбаланып», нәтижесінде мәліметтер базасының бір серверінде ол туралы барлық ақпарат жинақталады. Осы үшін RFID радиожиілікті маяктар қолдану ұсынылуда. Олар тауарларға желімделіп, соңғы жекелей сату кезінде өшірілуі тиіс. Яғни барлық жекелей сату нүктелеріне тауар өткізетін арнайы құрылғылар сатып алынуы қажет», – деп түсіндірді қауымдастық бастығы. Оның айтуынша, бұл технологияны әдетте сауда компаниялары өз тауарын есептеу мақсатында бақылау үшін пайдаланады. Алайда, Худова атап өткендей, мұндай таңбаларды контрафактілік тауарларға да, контрабандалық тауарларға да қоюға ешкім кедергі келтіріп отырған жоқ. «Қазақстанда таңбалар өндірісі бойынша зауыт жоқ әрі оны салу жоспарланған да емес. Бизнес таңбаларды сатып алуға дайын, бірақ қайдан? Ондайлар жоқ. Барлық импорттаушыларды 2016 жылдың 1 сәуіріне дейін таңбалармен қамтамасыз ету күтілді, алайда ол сонымен орындалған жоқ.  Бизнес не істерін білмей дал болуда. ҚР Үкіметі бұл мәселені шешкен жоқ. Аталған мәселені қозғауға бастама көтерген «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Соның алаңында осы мәселелер талқылануда. Алайда, өкінішке қарай, мемлекеттік органдар бұл жұмысқа қосылмай отыр», –  деп мәлімдеді Любовь Худова.

Ол, сондай-ақ ережеге сай, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі бекіткен талаптарға сәйкес, «Тауарларды таңбалау» ақпараттық жүйесін әзірлеуді қамтамасыз ету мен тәжірибелік пайдалануға беруді енгізуге уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрлігі екендігін де айтып өтті. Арнайы қорғаныс дәрежесі бар (әрі қарай – Бірінші деңгей эмитенті) бақылау (сәйкестендіру) белгілерін жасаушы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы» шаруа жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Бақылау (сәйкестендіру) белгілерін персонализациялау мен өткізуші (әрі қарай – Екінші деңгей эмитенті) – конкурс өткізу жолымен Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы анықтаған заңды тұлға және (немесе) жеке кәсіпкер. GS1 Kazakhstan – тауарларды нөмірлеу және штрихтық кодтау стандарттарының халықаралық көпсалалы жүйесін ұсынатын автоматты сәйкестендіру бойынша өңірлік Қауымдастық.

ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындар қауымдастығы президентінің пікірінше, қосарлама таңбалау бизнес үшін де, мемлекет үшін де қиындық келтіреді. Өйткені шекарада ғана емес, сауда-саттық процесін де бақылайды. «Бұл бюджетке ауырлық келтіріп, жаңа сыбайлас жемқорлық жағдайының пайда болуына әкеп соқтырады. Ақыр соңында, мұның барлығы бағаны өсіріп, тұтынушының қалтасына салмақ түсіреді», – деп қорытындылады Любовь Худова.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер