«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Туризм мәселесі Үкімет деңгейінде көтеріледі

2016 жылғы 17 Тамыз
11427 просмотров

ҚР Премьер-министрі туристік сала мәселелерімен айналысатын ведомствоаралық жұмыс тобын құруды тапсырды 

Алматыда күні кеше Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі жиналыста салалық қауымдастықтар өкілдері өздерінің проблемалық мәселелерін көтерді.

Атап айтқанда, Қазақстандық туристік қауымдастық кеңесінің мүшесі, «Хан Тәңірі» Халықаралық альпинистік лагері» ЖШС директоры Дәурен Уәлиев визалық-көші қон, туристік топтарды тасымалдауды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар әрекетінің үйлеспеуі, бірыңғай туристік саясаттың жоқтығы және сырттан келетін және ішкі туризмді дамыту мақсатында ҚР-ны туристік  дестинация ретінде ілгерілетудің бірыңғай тәсілдерінің жоқтығы іспетті жайттарды қозғады.

Туристік саланың проблемалық мәселелерін талқылау мақсатында және оларды шешудің кешенді шараларын әзірлеу үшін Премьер-министр өзінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың басшылығымен ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы тапсырма берді.

Жұмыс тобына арналған ұсыныстар «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы берілетін болады. ҰКП салалық бизнеске бірлесе отырып, мәселелердің барынша толық тізбесін жасауды ұсынады (жүйелік, өңірлік сипаттағы).

Ішкі және сыртқы туризмді дамытудың жүйелік шараларын қарау нәтижесінде іріктелген ұсыныстар Үкімет отырысына биылғы қазан айында шығарылатын болады.

Проблемалар және оларды шешудің жолдары көрсетілген ұсыныстарыңызды мына электронды поштаға жолдауды сұраймыз: k.altayeva@palata.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер