«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оралда ең жақсы сауда орталығы белгілі болды

2016 жылғы 05 Қыркүйек
- Батыс Қазақстан облысы
13688 просмотров

Сауда нүктелері олардағы жергілікті тауарларды ұсыну деңгейі бойынша бағаланды

Орал қаласында «Қаланың үздік супермаркеті» байқауы осымен екінші жыл өткізіліп жатыр.

«Дина» гипермаркеті 2016 жылдың жеңімпазы атанды. «Сапалы өнім» көрмесі аясында Орал қаласы әкімінің орынбасары сауда орталығының өкіліне кубок пен арнайы дипломды өз қолымен тапсырды. Жеңімпазды марапаттау, былтырғыдай Қала күнін мерекелеу бағдарламасына енді.

Байқауға «Анвар» супермаркеті, «Дина» гипермаркеті», «Продинтер»  ЖШС  «Бәйтерек» пен «Алтындар» супермаркеттер желісі және «Бәйтерек» Омаров» ЖК» сынды супермаркет желілерінің өкілдері қатысты.

Дүкен сөрелерінде жергілікті тауар өндірушілердің тауарларының,  жеке тауар өндірушілердің азық-түлік өнім түрлерінің болуы, тауар саны, тауарлардың өтімі, шолу деңгейі, бағыты (солдан оңға қарай немесе оңнан солға қарай) ең үздік супермаркетті анықтау бойынша бағалаудың ең басты талаптары болды. Байқау жеңімпазы көрсеткіштердің ортақ қорытындысы бойынша анықталса да, кейбір сауда желілері жекелеген көрсеткіштер бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Мысалы, «Анвар» супермаркеті бақылаудың соңғы екі айының қорытындысына сәйкес, тауар түрлері бойынша үздік болып шықты. Ал «Продинтер» ЖШС сөрелерде жергілікті тауар өндірушілердің өнімінің саны бойынша үздік деп бағаланды.

Байқауда бағын сынаған Ақсай қаласындағы «Омаров» ЖК – «Бәйтерек» дүкендер желісі қарқынды дамып келеді. Осы дүкендер желісінің арқасында сатып алушыларға бұрындары белгісіз болып келген Бұрлы ауданының тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылды. «Омаров» жеке кәсіпкерлігінде отандық тауар өндірушілердің саны 8-ден 10-ға дейін өсті, ал олардың тауар түрлері 88-ден 189-ға дейін көбейді, яғни екі есе артты деген сөз.

Байқаудың сәуір айынан басталғанын естеріңізге сала кетсек. Байқауға қатысушылар саны былтырғы жылмен салыстырғанда қысқарғанмен, көптеген көрсеткіштер бойынша биылғы байқау былтырғыдан асып түсті.  Жергілікті тауар өндірушілердің (БҚО) тауар түрлерінің орташа көрсеткіші 181-ден 227-ге дейін өсті, яғни 20%-ға артты. Өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, байқаудың арқасында сауда желілері сөрелеріндегі жергілікті тауар өндірушілердің  тауар түрлері  44%-ға молайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер