«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тағы да мектеп киімі туралы

2016 жылғы 07 Қыркүйек
- Ақмола облысы
8783 просмотров

Көкшетаудағы шағын тігін кәсіпорны осы оқу жылына үміт артып отыр

Жаңа оқу жылы  бүгінгі өзекті тақырыптардың бірі – мектеп формасы жайлы сөз қозғауға себепші болуда. Ақмола облысындағы «Быданова Е.Г.» жеке кәсіпкерлігі белдемше, шалбар, желетке, жакет пен галстук сияқты оқушы киім-кешегінің түр-түрін шығарады. Костюмдер мектеп талабына сай стильде тігілген. Негізінен киімдердің басым бөлігі қара-көк түсті, алайда қара түске де таңдау жасалыпты, арасында торлы материалдардан тігілген киімдер де бар. «Мектеп формасының дизайнын заманауи үрдістерге сай әзірледік. Оқушыларға арналған киім маталарының құрамы 50%-дан кем емес табиғи талшықтар, мемлекеттік стандарт талаптары сондай. Қазірше ресейлік материалдарды қолданудамыз, алайда болашақта отандық өндірушілердің маталарын қолдануды жоспарлап отырмыз. Негізінен, бүгіннің өзінде-ақ алматылық кәсіпорындармен әріптестік қарым-қатынас жолға қойылуда», – дейді кәсіпорын басшысы Елена Быданова.

Компаниядағы мектеп формасының орташа бағасы – 15 мың теңге (жакет пен белдемше). Желетке мен дәл сол белдемшенің бағасы арзанырақ болады – 10 мың теңге шамасында.

Өндіріс жаздың ортасында ғана іске қосылған. Бизнесвуменнің айтуынша, ең қиыны үлгі құрылғы (киімдерге арналға контурлық үлгі) жасау болыпты.

«Бүгінде әр ананы мектеп формасын өлшем бойынша сатып алған жөн бе, әлде баланың бойына қарай сатып алған жөн бе деген сұрақ мазалайды. Бізде мұндай мәселе жоқ. Тұтынушының сұранысына қарай біз кез келген өлшемді тігеміз, тіпті жеке тапсырыстарды да қабылдаймыз, – дейді Елена Быданова. – Бүгінгі таңда Көкшетау қаласының білім беретін мекемелерінен Садовое, Красный Яр ауылдарының мектептері және 6-шы және 19-мектептер бізге тапсырыс берді. Біз барлық білім беретін мектептерге өзімізді таныстырдық. Алайда, өкінішке қарай, қазірше олар байланыс оратуға ниет білдірер емес. Қазір дүкенімізде мектеп формасы толып тұр, осы жылдың ішінде оларды сатып үлгереміз деген үміттеміз».

Бизнес иесін түсінуге де болады. Барлығын болмаса да, көбін сату керек. Бүгінде ұжым тапсырыстарды тезірек дайындау үшін қауырт жұмыс істеуде.

«Мектеп формасына қойылатын талаптарды өзгертпейді деп сенемін. Егер солай болса, біздің компания банкротқа ұшырайды. Мектеп формасын тігуге маманданған кез келген тігін кәсіпорны бүгінде зор тәуекелге барып отыр деп ойлаймын. Өкінішке қарай, мектеп формасын енгізуді реттейтін нормативтік актілер жіті әзірленбеген», – деп кәсіпкер өз алаңдаушылығын білдірді.

Айта кетерлігі, Өңірлік палата кәсіпорынмен тығыз жұмыс істеген. Ата-аналармен және педагогикалық қауымдастықтармен кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. ӨКП директорының орынбасары Айжан Тәжмиеваның айтуынша, бұл мәселе күні бүгінге дейін Палата сарапшыларының бақылауында екен.

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазовтың айтуынша, мектеп формасын шығарумен айналысатын ұйымдардың тізімін анықтау мен солардың біріне басымдық беру олардың құзыретіне жатпайды екен. «Біз әлеуетті клиенттер тарту үшін кәсіпкерге «Мектепке жол» науқанына қатысуға кеңес бере аламыз», – дейді Валерий Гамазов.

Алайда, бизнесвумен қиындыққа беріле салмақ емес. Екі ауысымда жұмыс істеуге дайын ұжыммен жолы болғандығын айтады. Бүгінде мұнда жиырмадай адам еңбектенуде. Орташа еңбекақы – 60-65 мың теңге. Қазіргі таңда қызметкерлерді ынталандыру мақсатында кәсіпорынға еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесі енгізілуде.

Айта кетерлігі, «Көкшеспецодежда» – дуальды білім беру жүйесінің қатысушысы. «Кәсіпорнымызда әр 2-3 жылда жаңартылып отыратын заманауи құрал-жабдықтар орнатылған. Қарқынды технологияларды енгізу жағдайында біз түлектерге жоғары талаптар қоямыз. Алайда жан-жақты қолдау көрсетуге уәде береміз. Қызығушылық танытқан, келешегі бар студенттерді бақылап, жұмысты беріліп істесе, қатарымызға тартамыз», – деп сөзін аяқтады бизнесвумен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер