«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Интернет-қабылдау жүргізіледі

2016 жылғы 09 Қыркүйек
- Жетісу облысы
8580 просмотров

Енді шағымдар мен ұсыныстарды интернет арқылы қабылдауға болады

Алматы облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы 7sunews.kz сайтынан интернет-қабылдау қызметін іске қосты.

Енді бақылау-қадағалау органдары тарапынан көрсетілген қысымдарға кез келген адам шағымдарын айтып, Палата жұмысына, өңірдегі бизнес-ортаны жақсартуға қатысты ұсыныстары мен тілектерін қалдыра алады. Сайт алаңы кездейсоқ таңдалған жоқ. 7sunews.kz – Талдықорғандағы жалғыз ақпарат порталы. Ол тек қала ғана емес, сонымен бірге облыс бойынша ақпарат таратады. Интернет қолданушылардың үлесі артқан сайын әлеуметтік желілер мен интернет-сайттар арқылы ұсыныстар қабылдау өте өзекті болып отыр. Бұл формат кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін аса қолайлы және уақыт үнемдейтінін атап өту керек.

Хат жолдау үшін http://7sunews.kz/rpp мекенжайы бойынша бастапқы бетке өту қажет.

Бұдан кейін өтініш беруші ұсынылған үлгіні толтырады. Оған толық аты-жөні, электронды мекенжайы мен телефон нөмірі міндетті түрде толтырылуы керек. Одан соң «Өтініш мәтіні» жазылады.

«Тұрғындармен, кәсіпкерлермен интернет арқылы қарым-қатынас орнату тәжірибесі кең етек алып отыр. Көптеген адамдар үшін электронды байланыс проблемалар мен мәселелерді жедел түрде шешу тәсілі болып саналатынын байқап жүрміз. Facebоok, Whatsapp әлеуметтік желілері арқылы кеңес алу мақсатында немесе өзге де мәселелер бойынша хабарласып жататын кездер аз емес. Сондықтан біз үшін кәсіпкерлерді қолдап, оларға анағұрлым қолайлы жағдайлар жасау өте маңызды. Барлық шағымдар тіркеліп отырады, ал ұсыныстарды оларды түсіндіру мақсатында жеке сайтта орналастыратын боламыз», – дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева.

Сонымен бірге, барлық келіп түскен мәселелер мен ұсыныстарды «Барлық өтініштер» бөлімінен көруге және танысып шығуға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер