«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа салық өзгерістері күтіп тұр

2016 жылғы 23 Желтоқсан
- Алматы қаласы
5960 просмотров

Бухгалтерлер Клубының жиынында Салық кодексіндегі өзгерістер туралы айтылды

Салық заңнамасындағы мен есеп өткізу формаларындағы өзгерістер кәсіпорын бухгалтерлерінің жұмысын қиындатып жатыр. Клубтың бұл отырысында Кәсіпкерлер палатасының мамандары жаңа жылдан бастап орын алатын салықтық өзгерістер туралы айтып берді. 

«2017 жылдан бастап салық төленбейтін кіріс ретінде қаралатын табыстың тізімі ұлғаяды. Оның құрамына енді салық заңнамасына сай есептен шығарылған өсімпұлдар мен айыппұлдар енді. Оған қоса заң жүзінде нақты бір мерзім ішіндегі орташа арифметикалық валюта курсын есептеу тетігі анықталды. Салық төлеушілер шетелдік валютаны теңгеге ауыстыратын болса, курс айырмашылығын сессия жүргізілген сауда күнінен кейінгі келесі жұмыс күнін есептей отырып валюта айырбастаудың нарықтағы курсын қолданады. Ал қаржы ұйымдары актив пен міндеттемелерді санауды биржадағы сауда жүргізілген, валюта айырбасталған күннің кешінде есептейді», – деді Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер кеңесшісі Ардақ Мақұлбекова.

2017 жылдан бастап жеке тұлғалар үшін жұмыс барысында кездейсоқ жағдайға тап болып, өмірі мен денсаулығына зиянын тигізгені үшін төленген сақтандыру төлемдері сақтандыру компаниясымен келісімі болса да, болмаса да кіріс боп саналмайтын болады деп түсіндірді ол.

«Алкоголь ішімдіктері мен шылым өнімдерінің акциз төлемдері өзгерді. Акциз төлемі ішімдіктерге, яғни спиртке литріне 1380 теңгеден 2550 теңгеге дейін өсті. Акциз төлемдерін кезең-кезеңімен көтеру өзгерістері енгізілді. Сыра мен сыра шырынына акциз төлемі литріне 26 теңгеден 57 теңгеге дейін ұлғайды. Фильтрлі және фильтрсіз шылымдарға акциз төлемдер көтерілді, 1000 талына – 5000 теңгеден 8700 теңгеге дейін артты», – дейді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді жою бөлімінің басшысы Бекежан Құнтаев.

Клубтағы кездесуге бара алмағандар Facebook-тегі клубтың парақшасында онлайн трансляциясы бойынша қатысты. Сол жерден салық заңнамасындағы өзге де өзгерістер туралы білуге болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер